59 жастағы астаналық әлеуметтік желіде танысқан әйелдің құрбаны болған
NewsRoom
59 жастағы астаналық әлеуметтік желіде танысқан әйелдің құрбаны болған
Астаналық әйел әлеуметтік желіде танысқан ер адамды тонады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігіполиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
59 жастағы ер адам полицияға ұрлық фактісі бойынша арыз берген. Ол "Друг вокруг" мобильді қосымшасы арқылы 46 жастағы әйелмен танысқанын айтты.
Онлайн танысу мен хат алмасудан кейін ол кездесуге келіскен. Танысу жалға алынған пәтерде жалғасқан. Ер адам жуынатын бөлмеге кірген кезде, әйел күртешесінің қалтасынан 125 мың теңге ұрлап, қашып кеткен.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Әйел өз кінәсін мойындады.
Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған қаражатты әйел жәбірленушіге өтеген.