Пациенттің донорлыққа келісуі туралы ақпарат медицина қызметкерлеріне қолжетімді болатыны рас па?
Пациенттің донорлыққа келісуі туралы ақпарат медицина қызметкерлеріне қолжетімді болатыны рас па?


«2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 209-бабының 8-тармағына сәйкес, ағзалардың қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының ғана қол жеткізуі мүмкін болады», – деп хабарлады ведомстводан.Сонымен қатар, Кодекстің осы бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстанда адамнан ағзаларын мәжбүрлеп алуға; адамды өзінің ағзасын беруге мәжбүрлеуге, адамның ағзалары мен тіндерін сатып алуға-сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, Кодекс әрекетке қабілетсіз адамдардан, азаматтығы жоқ адамдардан, кәмелетке толмағандардан және қайтыс болған кезде жеке басы анықталмаған адамдардан тіндер мен мүшелерді алуға тыйым салады. Қорыта айтқанда, өлімнен кейінгі донорлыққа келісу немесе одан бас тарту туралы деректердің жалпыға қолжетімді болатыны туралы алаңдауға негіз жоқ. Таратылып жатқан хабарламада ҚР заңдарына қайшы келетін ақпарат ұсынылған.