82 жастағы әже онлайн дәріс беруде
82 жастағы әже онлайн дәріс беруде

Ақылия БЕКБАЕВА, қарт ұстаз «Мынау технологияны пайдаланып отырғанда бір артық сөз де кетіп қалуы мүмкін. Оны кейін өзің тыңдасаң өзің ұялып та қаласың кейде. Артық сөз де кетіп қалады ғой. Бұл техниканың аты техника басылып қалады. Айтылған сөзің, демалысың бәрі».Қазіргі уақытта Ақылия әжей 11 сыныптың оқушыларына Абай тану курсын өткізеді. Онды ұлы ақынның шығармашылығы мен ғұмыры туралы оқушыларға мейілінше терең түсіндіруге тырысады. Үй тапсырмасын да сұрауды ұмытпайды. Абай Құнанбаев. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Оқушылардың таным түсінігін арттыру үшін Ақлия ұстаз өз сыныбын «Абай әлемі» деген атпен толықтай жасап шыққан. Мұнда ұлы ақынның ең алғашқы суреттерімен ең алғаш табылған кітаптары да жинақталған. Білім ордасында жұмыс істеп жүрген уақытта ашқан авторлық кабинеті қазір брендке айналған. Мұнда Абайдың ұрпағынан бастап, жәдігерлері сонымен қатар ұлы ақын туралы жазылған жинақтардың барлы сақтаулы. Жамбыл Жабаевтың Абайға арнап жазған өлеңі де өскелең ұрпаққа өнеге дейді. Жамбыл Абайға өзінің өлеңін жазып жіберген ғой. Сол өлеңді менің оқушыларым жатқа айтады. Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне?! Ақылия Бекбаева шәкірттерін Жидебайға дейін апарып, ұлы ақынның туған өлкесімен де таныстырып жүр екен. Мұның барлығы оқушылардың терең білім алыр, өз көзімен көрсін деген ниетте жасадым дейді.
Тұрсын САБЫРОВА, Абай атындағы мектеп-гимназия директоры: «Ақылия Бекбаевамыз біздің қазіргі білім берудің заманауи трендтеріне көңіл бөле отырып, жетік меңгеріп зум платформасымен, онлайн мектеппен және басқа да қашықтан оқыту технологияларын меңгеріп білімін беріп отыр».Осы жасқа дейін құлпырып тың болуымның бір себебі, елдің алғысын алуым шығар деген қарт ұстаз әлі де болса еңбектене беретінін жеткізді. Тіпті, онлайннан қарағанда әрбір оқушыны шынайы көріп, әңгімелескенге не жетсін дейді. Тіпті, оларға деген сағынышын да жасыра алмады.
Ақылия БЕКБАЕВА, қарт ұстаз: «Қатты сағындым, әрқайсының көзін көргім келеді, сөзін естігім келеді. Тағы сағынғандығым сол кейбір сабақта үйде отырғанда көзіңе жас та келеді».Қарт ұстаз үш бала тәрбиелеп одан сегіз немере, он шөбере көріп отыр. Қазіргі көз қуаныштары да солар. Ал, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған әжей келешекте де оқушыларға тәлім-тәрбие беріп, олардың биіктен көрінуіне септігімді берсем дейді.