«Ұлы дала тарландары» жобасы. Иван Крепак

24 Шілде, 2019 182 0

Өзінің алғашқы табысын Иван Крепак елдегі ірі банктердің біріне жарнамалық өнім дизайнын дайындау арқылы жеті жасында тапты. Кейін бірінші сынып оқушысы робототехника мен бағдарламалау саласына қызыға бастады. Үйірмеге қабылдаудан бұрын өткізелетін сайыста Иван тапсырманы 4 минутта орындап, бағдарламалық кодты бірінші болып жазғандардың қатарында болады. Робототехник, мобильдік қосымшалардың авторы, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы «Ғылым» номинациясының жеңімпазы Иван Крепактың ғылымдағы жолы осыйлай басталған.

Иван Алматыда дүниеге келген. Мектептегі сабақтан соң ол робототехника зертханасына барып, микроконтроллер бағдарламалауды, hardware-жобаларды дайындауды, лазерлі компьютерлік білдекті, 3D-принтерді қолдануды үйреніп жүрді.

2014 жылы Иван физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсіп, биологияны зор қызығушылықпен оқи бастайды. Ол биология, анатомия, ботаника олимпиадаларына белсенді қатысып, табиғатты пайдалану және су ресурстарын зерттеу бойынша South Kent School (АҚШ, Коннектикут штаты) грантын ұтып алады. Қазақстанға оралған соң ол биологиямен айналысуды жалғастырады.

2015 жылы Иван смартфонның көмегімен қашықтықтан басқарылатын «Block» атты Қазақстандағы ең алғашқы ақылды құлып жасап шығарады. Бұл құлып бір қатар сыйлыққа, оның ішінде Кремний алқабының «Best Business Idea» сыйлығына ие болып, қанжығасына 20 мың долларды байлайды. Нәтижесінде ол «Nurintech» атты жастардың инновациялық жобалар сайысында «Келешек», «Әлеуметтік маңызы зор инновациялар» номинациялары бойынша екі мәрте жеңімпаз атанады. Бұл байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасы еді.

          

Сөйтіп жас ғалым кезекті өнімі ретінде «Zharys» мобильдік қосымшасын дайындауға кіріседі. 2017 жылы ол қосымшаны «Zarys – Zharysqa qatys!» деген үндеумен іске қосады. Түрлі жастағы үміткерлерге арналған қосымша барлық сала бойынша жақын арада өтетін сайыстардың тізімін ұсынады. «Voice-Komek» атты оның келесі қосымшасы саңырау-мылқау жандарға ым тілін білмейтін адамдармен байланыс орнатуға көмектеседі. Бұл қосымша терілген мәтінді әп сәтте дыбыстап оқып, адам дауысын тез арада мәтінге айналдыруымен ерекше.

Иванның басты жетістіктерінің бірі деп лаңкестікке қарсы «Qiianat Etpe» атты тасымалды антеннаны да атауға болады. Бұл өнім лаңкестік сымсыз құралды зиянсыздандырып, зарар таратудың алдын ала алады. Ол  тест немесе экзамен жүргізуде академиялық адалдықты сақтауға көмектеседі. Бұл жобаны Иван «ТМД-ға арналған 100 идея» халықаралық көрмесінде ұсынды. Иван сонымен қатар бомбаларды зарасыздандыруға көмектесетін, адам қолы жетпейтін жерлерге жете алатын «сапер-шарды» құруға қатысқан. Ол сондай-ақ кез келген жерді улы будан автоматты түрде тазартатын роботты ойлап тапқан.

Иван Қазақстанда инновациялық «42» бағдарламалау мектебін ашқысы келеді. Мұндай мектептің алғашқысы «Ecole» Парижде ашылған. Ол «Unit Factory» деп аталатын Кремний алқабының «42» мектеп франшизасына негізделген. Мектептің басты қағидасы – IT-кадрларға тегін дайындық жүргізу. Бұл мектепте мұғалім де, үй жұмысы да жоқ. Студенттер білім бөлісу арқылы бір-бірін өздері үйретеді. Ол жерде оқу үшін студенттер бір айдың көлемінде іріктеледі.

Жас ғалым Марк Цукерберг, Билл Гейтс, Серік Сәпиев сынды азаматтарға қарап бой түзейді. Өзі көп оқиды.

Таяуда Мартин Селигманның «Гүлдену жолы» атты кітапбын оқып бітіріпті.

Биыл ол Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірді. Енді жоғарғы оқу орнына түскелі жатыр.

Крепак Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен жүздескен күнді ең толқынышты сәт деп атайды.

2019 жылғы қаңтарда өткен «Жастар жылы» форумы туралы Иван былай дейді:

«Ата-анамнан Президент Н.Ә. Назарбаевтың телефонын тауып беруді сұрағанда 5 жаста едім.

Айналамдағы адамдарға: «Нұрсұлтан Назарбаев – ең ақылды адам, ол бәрін біледі», - дейтінмін.

Елбасымен сөйлесуді үнемі қиялдайтынмын. Енді  бұл арманым орындалды.

Бұл жағдай дәл өз басымнан өтіп жатқанына әлі сене алар емеспін. Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге түскен суретім енді мен үшін тұмардай».

Тегтер: ИванКрепак, Ұлыдалатарландары, Елбасыкітапханасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.