Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева өзін алаяқ, шегіртке деп атаған кәсіпкерді сотқа бермек

Айгүл Иманбаева өзін алаяқ, шегіртке деп атаған кәсіпкерді сотқа бермек

 width= Айгүл Иманбаева мен әнші Бүркіт әншілерді "шегіртке" деп атаған кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға қарсы шықты. Екі тарап тікелей эфирде ел алдында дауласып, мәселенін ақ-қарасын анықтаутауға тырысып көрді. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының тікелей эфирінде айтылды. Бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әншілерді шегіртке деп атаған еді. Одан бөлек лотерея ойнатып, табыс тауып жүрген шоу-бизнес өкілдерін алаяқ деген еді. Бұл сөздер әншілердің шамбайына тиіп, намысына жетті. Айгүл Иманбаева мен әнші Бүркіт осы тұста әншілер қауымының атынан жауап беруге тырысты. Айгүл Иманбаева өзінің лоторея емес, акция ойнататынын, оның заңды екенін айтып ақталды. Қос әнші студияға ұтыс ойынын ұйымдастырушы көмекшілерін ала келді. Олар әр ұтыстың қалай өткізілгенін, қандай қаражат түсетінін, оны кімдер ұтатынын жіліктеп айтты. Әнші кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың өзін алаяқ деп жүрген жандардың бар екенін айтады. "Лотерея мен ұтыс, конкурс, акция дегендердің ара-жігіт айырып алуымыз керек. Себебі заңсыз ойнатыатны бар, заңсызы бар. Біз заңды жолмен өткіземіз. Мен өткендегі сөзінен кейін Ахметбек мырза туралы ғаламтордан оқып көрдім. Мені алдап кетті, ақшамды жеді деп ашынған жұрт бар. Өзі де бизнес-тренинг өткіземін деп ақша тауып жүрген адам екен. Ол туралы неге айтпайсыздар?", - деді Иманбаева. Ал, Бүркіт ұтыс ойнату үшін 10 мың теңгеге диск сатып, одан түскен пайдаға жұрт үй алады, көлік алады деп сендірді. Мұның өз қалтасы емес, халыққа жасап жатқан жақсылық екенін түсіндірді. Тіпті, кәсіпкер хайп жасап отыр деп ашық айтты. "Мен мұның таза пиар екенін, Ахметбек мырзаның шегіртке деуі арқылы өз бизнесін жүргізгісі келетінін, өзін жарнамалағысы келетінін түсініп отырмын. Мұны хайп дейді. Бірақ біз өзіміздің арымыз таза екенін, адал жолмен ұтыс ойнататынымызды, халыққа  керісінше жақсылық жасайтынымызды айтқым келеді. Егер арымыз таза болмаса, мұнда келмес едік", - деді ол. Алайда кәсіпкер бұл сөзі үшін ешкімнен кешірім сұрамайтынын, тіпті жұмсартып айтқан сөзі екенін баса айтты. "Мен қайта өте жұмсартып шегіртке деп айттым. Одан да зор ауыр сөздерді көпшілік желіде жазып жатыр" деген ешбір әншінің алдында кешірім сұрамақ емес. Дегенмен Айгүл Иманбаева өзін алаяқ деп дәлелсіз сөккені үшін сотқа арыз жазатынын, кәсіпкердің өзі заң алдында жауап беретінін ескертті. Бұл тұста дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай кәсіпкердің сөзін қолдады. "Шоу-бизнесте адамгершілік жоқ. Өнердің мақсаты - ақша емес. Ал, шоу-бизнес тұнып тұрған табыс табудың көзі. Шоу-бизнес - деген өнердің жауы. 2006 жылдары халық әншілерді тойға шақырып, концертке шақыратын. Әншілер бір тойдан қанша ақша табады. Енді желі арқылы шықты. Бұл фанера. Мұндай әншілерді фанерщик деп атауға болады", - деді ол. Ерлан Төлеутай Бүркітке "шетелдің әнін ұрлап хит қылған әндеріңде ешқандай ұлттық құндылық жоқ" деп ашық айтты. Ал, фанера сөзінің шоу-бизнес өкілдеріне қарата айтқанын еске салды. "Айгүл сен әнші емессің, сен театр актрисасысың. Сенің актрисалығың жайлы айтып отырғаным жоқ. Мен әншілер жайлы айттым. Дәл мені фаенрщик деп атады деп қабылдама", - деп сөзін аяқтады Ерлан мырза. Кәсіпкер мен эстарада әншілерінің арасында даудың түйіне шешілген жоқ. Айгүл Иманбаева өзін айыптаған Ахметбек мырзаны сотқа бере ме? Кәсіпер сот алдында жауа бере ме? Шегіртке дегені үшін кешірім сұрай ма? Ол алдағы уақытта еншісінде. Сілтеме