Жаңалықтар

Есмағамбетова: "Қалыпты өмірге оралуымыз керек, қазақстандықтарға алғысымды білдіремін"

Есмағамбетова: "Қалыпты өмірге оралуымыз керек, қазақстандықтарға алғысымды білдіремін"

 width= Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус ахуалы тұрақтанғанын мәлімдеді деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Stan.kz-кесілтеме жасап. "Біз елімізде коронавирустан емделгендердің саны 1000-нан асқанын мақтанып айтамыз. Соңғы аптада аурудың таралу деңгейі төмендеді, қазір індетті жұқтыру көрсеткіші шамамен 7%-ды құрайды", - дейді Есмағамбетова. Сондай-ақ ол қазақстандықтарға карантин шараларын ұстанғаны үшін алғысын білдірді. Бас санитар дәрігердің сөзіне сүйенсек, еліміздегі жағдай бірте-бірте қайта қалпына келеді. "Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетіледі. Біз қалыпты өмірге бірте-бірте оралуымыз қажет. Әрине, карантиннің жеңілдеуі елдегі жағдайға байланысты болады. Осының арқасында біз Қазақстандағы аурудың өрши түсуі мен медициналық жүйеге түсетін ауыртпашылықтың алдын алдық", - дейді ол. Соңғы деректерге сенсек, коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 4028- ге жетті.