Қостанай облысының аумағында екі инспекторды атып кеткен браконьерлер ұсталды

24 Шілде, 2019 289 0

Ақмоланың полиция қызметкерлері 23 шілдеде екі қорықшыны атып кеткен браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz Ақмола облысындағы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Екі күдікті,  45 жастағы ер адам мен оның 20 жастағы ұлы — Арқалық қаласының тұрғындары. Полициядан қашып, көліктерін бір жерге тастап кетпек болған браконьерлер Қостанай облысының аумағында ұсталды.

"Охотзоопром" инспекторларын жарақаттап, із суытқан браконьерлерді полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс шараларды жүргізе отырып, ұстады. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше браконьерлердің соңына түсіп, оққа ұшып қалған екі инспектордың оқиғасы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ауыр жарақаттанған Қаныш Нұртазин есімді қорықшы есін жимастан дүниеден озып кетті. 1976 жылғы қазақстандық төрт ұлы мен бір қызын тәрбиелеп, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылында тұрған. Президент Тоқаев марқұмға мемлекеттік марапаттың берілетінін айтты. Сонымен қатар, киіктерді атқаны үшін тағайындалатын жазаны ауырлату керектігін ескерді



Тегтер: қорықшы, браконьер, полиция, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.