Алматы облысында қашаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі?
NewsRoom
Алматы облысында қашаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі?
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап келесі шектеу шараларын енгізу жоспарланып отыр: Бұған дейін қабылданған шаралардан басқа, қосымша: - банкет залдары;
- театр, кинотеатрлар; - облысаралық/қалаларалық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) автобустар (микроавтобус) тасымал қозғалысы,
- облысаралық (қалаларалық) ауданаралық тұрақты автобустар (микроавтобус) қозғалысы,
- спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге,
- білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер, - мәдениет нысандары (мұражайлар, Мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.),
- Құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден көп, азық-түлік сатпайтын (бөлек тұрған) дүкендер қызметіне тыйым салынады.