"Келінжан" сериалының актрисасы Нұргүл Мыңғатова ұлды болды
NewsRoom
"Келінжан" сериалының актрисасы Нұргүл Мыңғатова ұлды болды
Отандық танымал актриса "Келінжан", "Өткінші жаңбыр" сериалдарында рөл сомдаған Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Сүйінші хабарды Нұрғүл Мыңғатованың өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Өнер иесі өміріндегі бақытты сәттерімен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.
https://www.instagram.com/p/CNZavfSBbed/
"Аллаға шүкір. Жақсы жаңалығым. 08.04.2021. Ұлды болдық. Баршаңызға мың алғыс" , - деп жазды актриса.
Мыңғатованы арнайы құттықтаған жұлдызды оқырмандары арасында Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар.