Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады.
"Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0 градустан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.