Қарағандылық 63 жастағы әже мототехникамен мал бағады
Қарағандылық 63 жастағы әже мототехникамен мал бағады

Гүлнәр Қылышева, Жеңіс ауылының тұрғыны Үлкен ұлым әкеліп берді, жүргізесің бе деп сұрады. Иә жүргізейін, онда тұрған не бар деп мініп алдым. Алдында басқасы болған. Мынау соңғысы басқаларға қарағанда жылдам жүреді. Өзіме ыңғайлы. Қазір Арқада қыстың ызғары әле де кете қойған жоқ. Қардың шеті сөгіліп, жер қарайғанда әжей атқа қонады. Жасы 70-ке жуықтаған кейуана күнұзақ ат үстінде жүріп, малды бір өзі бағады.Жақсылық Мақажанов, ұлы: – Кезінде өз көзіммен көргенім, жерден қойды аттан түспей, көтеріп, өңгеріп әкететін-ді. Әкем асығып жұмысқа кеткен кезде малды бауыздап береді, әрі қарай өзі жіліктеп, сойып алатын. Гүлнәр Қылышева – күміс алқа иегері. Алты баласынан 19 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Балалары жақында жеңіл көлік әпермекші екен. Енді мобильді әже темір тұлпарды да тізгіндеп көрмек.
Дереккөз: Хабар 24