Президент неге отандық вакцина салдырмағанына қатысты сұраққа жауап берді
Президент неге отандық вакцина салдырмағанына қатысты сұраққа жауап берді

«Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті», - деп жазды.Отандық вакцина қазір сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа енгізілуі мүмкін.