90 гектардан астам жер шетелдіктердің иелігінде
90 гектардан астам жер шетелдіктердің иелігінде

Сапархан ОМАРОВ, ҚР Ауыл шаруашылық министрі: Бүгінде мораторийге дейін берілген жерлер бар. Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері 7 біріккен кәсіпорынның үлесінде. Үлесінде болғанда соларға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді жалға алып отыр"Ал осы шетелдіктер жалға алған қазақтың жерлерін қандай мақсатта пайдаланып жатқаны бізге белгісіз. Белгілісі, жалға алу мерзімі 2022 мен 2025 жылдардың аралығын қамтиды екен. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлерді түгел қайтарып аламыз дейді министр". Нақтырақ айтсақ, жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанның жерін сатып та, жалға да ала аламайтын шетелдіктердің санатына мыналар кіреді. шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғалары халықаралық ұйымдар халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар Бұдан бөлек, құжатта қандастарға қатысты да жаңа талап бар.
Сапархан ОМАРОВ, ҚР Ауыл-шаруашылық министрі: «Ал, қандастар бойынша, олар жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар»Сондай-ақ, депутаттар қазіргі таңда еліміздің нақты қанша гектар жері жекеменшіктің иелігінде екенін сұрады. Министрдің есебіне сүйенсек, 1,5 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерлері отандастарымыз пайдалануда екен. Бұл жерлер мораторийге дейін беріліпті. https://youtu.be/QimOXstGiUY