Польшада қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті

23 Шілде, 2019 282 0

Qazaq kuresi халықаралық федерациясы ұлттық спорт түрлерін елімізде ғана емес, шетелдерде танымал ету бағытында қарқынды жұмыс жасап келеді.

Жуырда ғана Польшаның Вроцлав қаласында (Польша) Qazaq kuresi-нен Еуропа чемпионатын ұйымдастырды.

Еуропа чемпионатына Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украина секілді 24 елден  113  балуан қатысты. Еуропа чемпионатында алғаш рет Ирландия, Италия, Испания ұлттық құрамалары өнер көрсетті.

Еуропа чемпионатының жеңімпаздары Армения (Гаспар Хайрапетян, 55 кг; Роберт Габриелян, 74 кг), Грузия (Иракли Купатадзе, 60 кг; Торнике Наглиашвили, 60 кг), Ресей (Арам Григорян, 82 кг; Юрий Шикалов, 90 кг). 100 келі салмақта ел ұйымдастырушы – Польша мемлекеті (Игор Дзиерзановски) жеңіске жетті. +100 келі салмақта Литва (Игнас Мекэйджус) мемлекеті, ал абсолютті салмақта Грузия мемлекетінің палуаны (Гиоргий Закариадзе) ұтты.

Алдағы уақытта, биылдың 16-17 тамызында Моңғолия мемлекетінде Азия чемпионаты өткізілетін болады. Qazaq kuresi Азия чемпионатына барлығы 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі күннің өзінде Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыстан және тағы да басқа мемлекет балуандары белдесуге ниет білдірді.

Жалпы, Халықаралық қазақ күресі федерациясы – ұлттық спорт түрін әлемдік деңгейде дамытып, халықаралық серіктестер мен спортшылардың басын біріктіріп жүрген бірлестік. Халықаралық Федерацияның құрылғанына аз болса да, осы уақыт  аралығында ауқымды шаралар мен нәтижелі жұмыстар атқарылды. Оның үстіне, әлем бойынша да ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.

Тегтер: польша, спорт, күрес, қазақ, әлем, сайыс, чемпионат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.