Жаңалықтар

Ер адам бойжеткеннің тамағына пышақ тақап, зорламақ болған

[caption id="attachment_49623" align="alignnone" width="866"] width= Сурет интернеттен алынды[/caption] Петропавлда 19 жастағы бойжеткенге үй подъезінде шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 5 сәуір күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде болған. Белгісіз ер адам 19 жастағы бойжеткеннің тамағына пышақ тақап, зорламақ болған. Алайда қыздың айғайлағанын естіген көршілері оны құтқарып қалған, ал ер адам қашып кеткен. 7 сәуір сағат 18.15 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған екен.