Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді
Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді
[caption id="attachment_4963" align="aligncenter" width="800"] Фото: Әлихан Сариев[/caption]
Алматы қаласының полиция департаменті қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғанын және енді тұрғындарға қалада жүруге рұқсат берілгенін айтты.
"Қала аумағында енді жүре беруге болады, ол адам базада тіркелмеген болса да, көшеде жүруге рұқсат бар. Алайда гигиена ережелері мен коронавирус инфекциясынан қорғану ережелерін сақтауды ұмытпау керек", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.