Нұржан Жалауқызы "Қазақ Радиосынан" енді "Алматы" телеарнасына ауысты

23 Шілде, 2019 311 0

"Алматы" телеарнасының директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақ радиолары" ЖШС бұрынғы Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова "Алматы" телеарнасының Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы еңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламалар редакторы қызметінен бастаған. 1991 жылы Қазақ радиосының "Шалқар" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы болып тағайындалды.

1992 - 1994 жылдары Қазақ радиосының саяси сарапшысы және Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1995 - 1997 жылдары ҚР Президентінің баспасөз қызметінде енбек етті.

1997 - 2006 жылдары Қазақстандағы "Internews Network" Халықаралық ұйымы өкілдігінің директор орынбасары, атқарушы директоры болды.

2006 - 2011 жылдары "31 телеарнасына" жетекшілік етті.

2011 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін "Қазақстан" АҚ ТРК Басқарма Төрайымы қызметін атқарды.

2016 жылдан бүгінгі күнге дейін "31 арнаның" Бас продюсері, "Қазақстан" АҚ ТРК құрамындағы "Қазақ Радиолары" ЖШС Бас директоры қызметінде болды.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Тегтер: НұржанЖалауқызы, телеарна, тағайындау, басшы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.