Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

02 Шілде, 2018 858 0


Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында жексенбі күні пәтерден 11 адамның мәйіті табылды. БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандардың бәрі – бір отбасының мүшелері. 

Полициядағы дереккөздің мәліметінше, үй дүкені мен сүт цехы бар бизнесменге тиесілі болған. Жергілікті уақытпен сағат 8.00-де кәсіпкердің көршісі есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, отбасы мүшелерінің, соның ішінде бизнесменнің денесін көреді. Ол бірден полицияға хабар берген, деп жазады РИА Новости. 


"Көршінің айтуынша, әдетте бұл пәтердің есігі жабық тұрады. Бірақ жексенбі күні ашық болған. Біз мұның суицид пе, жоқ әлде кісі қолынан қаза тапты ма, анықтайтын боламыз", — деді полициядағы дереккөз. 

Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында – төрт ер адам, үш әйел және төрт қыз бар. 

Марқұмдардың үйінен ешқандай хат табылмаған.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/world/20180701/6237514.html

Тегтер: өлтірді, полиция, Индия, қылмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.