Жаңалықтар

Бүгінгі тағайындау маған артылған үлкен сенім – Абаев

Бүгінгі тағайындау маған артылған үлкен сенім – Абаев

Дәурен Абаев қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет екендігін айтты, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін Сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет, - деп жазды Абаев.
Ол бүгінгі тағайындау оған артылған үлкен сенім екендігін айтты.
Сондай-ақ, министрліктің және министрлікке қарасты ұйымдардағы сарапшыдан бастап басшылық құрамына дейін әрбір қызметкеріне ерекше құрмет білдіріп, алғыс білдіремін. Ал бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін. Тапсырылған қызметті абыроймен атқарып, қажыр-қайрат пен білім-білігімізді Отанымыздың игілігіне арнаймыз, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.