Мамырда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
NewsRoom
Мамырда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Мамыр айында қазақстандықтарды 18 жұмыс күні мен 13 демалыс күні күтуде. "Электрондық үкіметтің" Egov.kz ресми порталы демалыс күндеріне қатысты ақпаратты назарға ұсынды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
1 мамырда тұрғындар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Мерекеге орай демалыс 3 күнге созылады: 1 мамыр (сенбі), 2 мамыр (жексенбі) және 3 мамыр (дүйсенбі).
Ескерту: Мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні дәстүрлі түрде бір күн ғана атап өтіледі. Бұған қоса, қазақстандықтар 8 мамыр, сенбіде демалады. Жеңіс күніне орай тұрғындар 9 мамырда (жексенбі) және 10 мамырда демалады (дүйсенбі). Нәтижесінде мамырда барлығы 13 демалыс күні болмақ.
Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар болса, 11 күн демалады: 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр (3-ші және 8-ші мамырда олар жұмыс істейді).