Жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда такси жүргізушісі өзінің сүйіктісін тонап кетті

Нұр-Cұлтанда такси жүргізушісі өзінің сүйіктісін тонап кетті

   width= Нұр-Cұлтанда ірі ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елорда тұрғыны полицияға жүгінген. Ол жақында  жігітті такси қызметін пайдаланған кезде кездестіргенін айтты.
"Жастар арасында бірден романтикалық қарым-қатынас орнады. Кездесу кезінде жас жігіт жәбірленушінің пәтерінде үш ұялы телефон ұрлаған. Такси жүргізушісі жалпы сомасы 1 миллион 879 мың теңгеге iPhone 12 және Samsung Galaxy A21 маркалы екі телефонды олжалаған", – деп хабарлайды полиция.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.