Боксшы Жанқош Тұраровтың Дубайдағы жекпе-жектен неліктен бас тартқаны белгілі болды
COVID-19 қайтадан ПЦР өткізуді өтіндік, өкінішке орай бүгінгі нәтиже тағы да "оң" көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шектетілдім, - деп жазды боксшы.
Аталмыш кештің басты айқасында Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 KO) қарсы жұдырықтасуы керек еді.
Ал екінші қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) венесуэлалық Эбер Рондонға (20-0, 13 КО) қарсы кездесуде өзіне тиесілі бірінші орта салмақтағы WBC International титулын қорғайды.
Дубайдағы бокс кешінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.