Павлодарда басқа ел азаматы заңсыз жұмыс істеген
Павлодарда басқа ел азаматы заңсыз жұмыс істеген

«Павлодар ауданы ауылдарының бірінде орналасқан ЖШС-нің біріне тиесілі сүт сауу кешенін тексеру кезінде кешенде ветеринар болып жұмыс істеген азамат анықталды, бірақ оның еңбек қызметіне рұқсаты болмаған. Сот шешіміне сәйкес, Өзбекстан азаматына 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Бұдан басқа, ЖШС директорына қатысты ҚР ӘҚБК 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.