Президент танымал музыкант Скриптониттің шығармашылығын түсінуге уәде берді

22 Шілде, 2019 341 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Скриптониттің шығармашылығымен бірнеше рет танысып шыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz

Ресейлік журналист Алексей Пивоваров мемлекет басшысынан Скриптониттің өнері жайлы не ойлайтынын сұрады. Президент 2.0. деректі фильмі "31 арнада" көрсетілді. 

"Мен оны бірнеше рет тыңдадым. Бірақ беріліп, мағынасын түсіне бастадым деп айта алмаймын. Дегенмен бұл бағытта бірнәрсе істеуге тырысып көремін. Уәде беремін", — деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Димаш Құдайбергеннің жетістіктеріне тоқталды. 

"Біз Қытай халқын баурап алып, қазіргі кезде Ресей халқын бағындырып келе жатқан, Кремль сарайында бірнеше концерт берген Димашты мақтан тұтамыз. Аншлаг, толған аншлаг", — деді президент. 

Әділ Жәлелов — елімізде және ТМД-ға мүше елдердің арасында "Скриптонит" атты есіммен танымал музыкант, рэп-орындаушы. 


Тегтер: Қасым-ЖомартТоқаев, президент, Скриптонит, музыка

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.