Түсірілген ақиқатты бұрмалаған кімдер... (жалғасы)

20 Шілде, 2019 564 0

Басын оқу үшін мына гиперсілтемені басыңыз!

Қасиетті Құран Кәрімнің 18 «Пещера» сүресінің 66-шы аятында Мұса ғ.с. жолшыбай Қыдырға жолығатындығы баяндалады. Ал, жолшыбай жолаушыларға кезігетін «Қыдыр» атауы қазақ халық ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан. Оған, «Қыдыр – жолдасың болсын», «Қырықтың бірі – Қыдыр», «Қыдыр – шылауыңда болсын» және т.б. нақыл сөздер (мақал-мәтелдер) дәлел бола алады. Демек, біздің жорамалымыз бойынша ежелгі қазақ халқы жолаушының жолының оң болуын Қыдыр атамен тікелей байланыстырған. Бұл мәліметтер қасиетті Құран Кәрімде баяндалған Қыдыр кейіпкерінің осы аталған сайын далада болғандығының бірден-бір көрінісі. Қыдыр атаға байланысты Д.Д. Байдалиев өзінің «Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы» атты еңбегінде Қос Тұра тауының бір сілімінде орналасқан сайды «Қыдыр қонған сай» /20 / деп көрсеткен. Сонымен қатар, бұл сайдың осылай аталуының мәні мен ерекшелігіне байланысты автор өз еңбегінде кеңінен тоқталып кеткен.

Баршаға мәлім, ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. [21].

Осы таудың құпия сырларын зерттеу 1905 жылдан бастау алады.  Боралдай петроглифінің  ашылуы осы кезеңдерде басталған, ал, Боралдай петроглифі Қос Тұра тауының шатқалында орналасқан. Бұл деректер, осы өлке ежелгі заманнан өркениеттің ошағы болғандығының бір дәлелі Алайда, белгісіз себептермен бұл ақпараттар консервацияланған. Дегенімен, аталған аймақты зерттеу 1986 жылы «Казпроектреставрация» институтының қызметкерлерінің бастамасымен қайта жанданған.

Бәйдібек ауданына іргелес жатқан Жуалы жерінде көптеген ежелгі қалалар мен бекеттер, қорған төбелер және көптеген жартастардағы петроглифтер табылған. Мысалы, Қос ат жеккен дөңгелекті және қос өркешті түйе жеккен төрт дөңгелекті арба (б.з.д ІІ-І мыңжылдықтар) және б.э.д. скиф-сақ дәуіріндегі VII-Vғ.ғ. тасқа қашалған суреттер.[22 [         Бұл аталған деректер осы маңда ежелгі өркениеттің болғандығының нақты дәлелі болып табылады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты қасиетті Құран Кәрім аяттарын жіті зерттеу арқылы тарих сахнасында болған мән-жайларға басты назар аудару, ал бұл мақаланың бағыты ретінде біз: «Діни наным-сенім адамзатпен бірге пайда болған. Адамның табиғат тылсымдары мен жұмбақтарын қабылдау кезіндегі алғашқы іс-әрекеттері оның танымын туғызды. Діннің қайнар көзі сол бағзы замандардан  бастау алып, уақыт өте келе ол әртүрлі ағым, сан-салалы сенім сүрлеуі ретінде қалыптаса бастады. Дінді зерделеу, оны түсіну бағытындағы бастапқы ізденістер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптаса бастағаны даусыз. Біздің заманымызда ол орасан зор ғылыми-әлеуметтік нысанға, философиялық категорияға айналып, есепсіз ғылыми еңбектер мен сан жетпес сараптау-пайымдаулар жарияланып жатыр» [23],- деген Елбасымыздың қанатты сөзін басшылыққа алдық.

Осы орайда көптеген оқырмандар тарапынан әр-түрлі пікір-талас, ой болуы мүмкін, бірақ біз «ғылым - әрдайым шындықты талап етеді»,- дегенді жадымыздан шығармау керектігін меңзейміз.

Біздің бұл мақаланы жазу барысында Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын тікелей басшылыққа алуымызға, мысылы:

-         Бақара сүресінің 99-шы аятындағы «(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді»; 118-ші аятындағы «Расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік»;

-         Әли Имран сүресінің 7-ші аятындағы «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы»; 138-ші аятындағы «Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат»;

-         Нұр сүресінің 61-шы аятындағы «Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіңдер»;

-         Ән’ам сүресінің 126-шы аятындағы «Расында үгіт алатын елге аяттарымызды ашық білдірдік»;

-         Му’минун сүресінің 68-ші аятындағы «Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? »;

-        Бақара сүресінің 159-шы аятындағы «Негізінен бiз ап-ашық үкімдерді әpi тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әpi барлық лағынет етушілер лағынет етеді» ал, осы сүренің 2-ші аятындағы «Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» деген мағыналы мәтіндерітүрткі болды.

         Сондай-ақ, осы ғылыми-зерттеу барысында Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылығын да тілге тиек еттік. Себебі, Абайдың ғылым, білім және дінге деген ойы бөлек. Өйткені, «Алланың өзі де рас,сөзі де рас» - деген қанатты сөзідің иесі дана Абай: «Ғылым-Алланың бір сипаты, ол хакиқат, оған ғашықтық өзі де хақылық һәм адамдық дүр»,-дейді өзінің отыз сегізінші қара сөзінде. Яғни ғылымды Алланың ғылымы және адамның ғылымы деп екіге бөле отырып, Хәкім Абай «Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмарлық болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады»,-дейді.

Қорыта келе, біз дана Абайдың «Сен жаңалық аштым деп мақтанбай-ақ қой, сен тек бар нәрсені дәлелдедің...» -деген қара сөзімен өз зерттеу жұмысымызды аяқтасақ деген тұжырымға келдік:. [24]


Соңы!


Пайдаланған әдебиеттер:


1.     Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры. egemen.kz

2.     abai.kz. Әлихан Бөкейхан. «Қазақтың тарихы»- «Қазақ» газеті, № 2, 1913 жыл

3.     kk.wikipedia.org

4.     К.М. Байпаков, Ж.К. Таймагамбетов. Археология Казахстана. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. Алматы «Қазақ университеті» 2006-355 с.

5.     ru.wikipedia.org. Буддизм в Казахстане

6.     А.Ахметова. Заратустра и учение зороастризма родились в Казахстане? www.yk.kz

7.     Адам был казахом: казахстанский ученый выступил с предположением. www.nur.kz/

8.     Құран Кәрім. kuran.kz

9.     Ш. Дауренбекова, Ш., Қудайбергенова Жоңғар алатауының сиверс алмасы. http://oldconf.neasmo.org.ua

10. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қазақтың түп атасы» http:bilim-all.kz

11. Махмуд ал-Кашгаридің «Диван Лугат ат-Турк» атты еңбегін аударған З-А.М. Ауезованың И.Н. Тасмағанбетовтың төрағалық етуі негізінде 2005 жылы Алматы қаласының «Дайк Пресс»

12. Евреи украли Тору у древних шумеров? - Видео – YouTube

13. http://amkob113.ru/azia/olc-2.html

14.Могила пророка Мусы (а. с.) возведенная Султаном Бейбарс. youtube.com

15. Абу-Адель – Коран. mykoran.ru/adel/adel

16. kk.wikipedia.org. Герменевтика

17.Путеводитель. Гора Синай.youtube.com

18. С.П. Толстов. По следам древнехорезмийской цивилизации.- Издательство Академии наук СССР Москва • Ленинград.- 1948.

19. Л. Берг. Каспийское море. Энциклопедический словарь «Гранат». ranat.wiki/enc/k/kaspiyskoe-more

20. Д.Д. Байдалиев «Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы» - Тараз,2007- 213 б.

21. kk.wikipedia.org

22. Достояние планеты: Петроглифы Боралдая (Боралдайские Петроглифы). http://dostoyanieplaneti.ru

23. Н.Назарбаев. Ұлы дала ұлағаттары (3-бөлім) www.egemen.kz

24. Абай (Ибраһим) Құнанбаев.Шығармаларының екі томдық толық жинағы.2-том. Алматы,"Жазушы"-2005.




Авторлық құрам:


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қылмыстық және қылмыстық  іс жүргізу құқығы» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Сағынбеков Құрманбек Сағынбекұлы.


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Азаматтық және азаматтық іс-жүргізіу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Сатылғанов Ержан Танкашұлы.


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы құқық ғылымының магистрі Махамбетов Асқар Болатұлы.


“Жамбыл-Тараз” газетінің бас редакторының орынбасары Сатыбалдиев Бекнұр Мейрамбайұлы



Тегтер: құран, ақиқат, тау, жаңалықтар, қазақстан, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.