Алматыда "Медресе мұғалімі" қайырымдылыққа жиналған ақшаны ұрлаған
Алматыда "Медресе мұғалімі" қайырымдылыққа жиналған ақшаны ұрлаған

"Ол өзін дүкен жұмысшыларына медресе мұғалімімін деп таныстырды. Бір жерде ол қораптарды ашқан, ал ашуы қиын болған жерлерде қайырымдылыққа жиналған қаражатты қорабымен бірге алып кеткен. Тек Алатау ауданында ғана оның осындай үш алаяқтыққа қатысы бары дәлелденді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу барысында басқа да қылмыстық эпизодтардың анықталуы мүмкін. Қазір күдіктінің жеке басы мұқият тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.