Мысырда патшайымдар мен перғауындар сепкен әтірлер қайтадан жасалынбақшы
Мысырда патшайымдар мен перғауындар сепкен әтірлер қайтадан жасалынбақшы

Магдали, парфюмер: Ежелгі Мысырда өткір және тұрақты иістер сәнді болған. Ел патшайымдары қолданған әтірлердің құрамына даршын, кардамон және зәйтүн майы қосылған екен. Мұндай жиынтықты әзірлеуге тек кәсіби парфюмерлерге рұқсат етілетін. Клеопатра ханшайымы табиғи афродизиак негізіндегі әтірлерді ұнатқан. Оның құрамына сандал ағашынан, лавандадан және бергамоттан жасалған хош иісті майлар кірген екен. Бұрын мамандар скипидарлы шайыр мен гальбанумды белсенді қолданған. Енді міне, әтір жасап шығарушылар ежелгі иіссуларды қайта қайтаруға талпынып жатыр.Хафиз Вахби, «Ежелгі мысыр» институтының профессоры: Парфюмерия әзірлеу технологиясы бізге әлі белгісіз. Біз майлардың құрамын анықтадық. Алайда көптеген дереккөздерде патшайымға арналған бір бөтелке әтір өндірісі бір неше жыл қажет еткен екен. Сонымен қатар тұнбалар түрлі температурада өзгеріп, отқа қайнатылғандығы анықталды. Тарихшылар ежелгі әтірді жасаудың әдісін қайтаратын болса, жаңа бренд пайда болатыны сөзсіз. Айта кетерлігі, жоба Мысырдың көне істер министрлігінде қарастырылған.