Көптеген миелома: қазақстандық медициналық қызметкерлер емдеудің жаңа әдістерін белсенді енгізуде
Көптеген миелома: қазақстандық медициналық қызметкерлер емдеудің жаңа әдістерін белсенді енгізуде

Бұл үлкен жетістік, себебі, осы аурумен ауыратын адамдарға көп дегенде бірнеше ай өмір сүретіні болжанатын еді. Міне, сондықтан да осы әдістерді қазақстандық медицинаға енгізудің маңыздылығы осында, – деп атап өтті Қор президенті, медицина ғылымдарының докторы Райгүл Рамазанова. Қазақстанда 2010 жылдан бастап сүйек кемігін трансплантациялау қолданылып келеді. Бүгінгі күнге дейін гемопоэтикалық жасушалардың 280 трансплантациялауы жүргізілді. Медициналық қызметкерлер жаңа әдістерді белсенді түрде қолданып жүргеніне қарамастан, соңғы жылдары Қазақстанда көптеген миелома ауруына шалдығу саны артып кетті. Бүгінгі таңда лимфоидты және гемопоэтикалық тіндердің қатерлі ісіктері онкологиялық науқастардың 4% - ында диагностикаланды. Жыл сайын бір жарым мыңға жуық қазақстандық осындай аурулармен ауырып, 2017 жылы елімізде 1 443 жаңа гемобластоз жағдайы және осындай патологиядан 754 өлім жағдайы тіркелді. Бүгінде көптеген миеломаларды емдеудің клиникалық хаттамасына сүйек кемігін трансплантациялаумен бірге заманауи дәрілік заттарды, соның ішінде инновациялық және таргетті әрекеттерді қолданумен схемалар енгізілген. Алайда, емдеудің қазіргі заманғы схемаларын күнделікті практикада кеңінен қолдану, КМ уақытылы және дәл диагностикалау талап етіледі – деп атап өтті медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазОРҒЗИ Басқарма Төрағасының ғылыми-стратегиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Зәуре Душимова.Ол үшін дәрігерлердің білім деңгейін үздіксіз арттырып, оларды үнемі оқыту қажет. Осы үшін біз белсенді түрде жұмыс істеудеміз. Осындай науқастарды трансплантациядан кейін де терапиялау қолдаушы, ұзақ уақыттық сипатқа ие болуы керек, себебі, біздің мақсатымыз – өмір сүру ұзақтығын арттырып, пациенттің өмір сүру сапасын сақтау болмақ. Сондықтан бұндай ауру науқасты өмірден, күнделікті белсенділіктен, жақын адамдарымен қарым-қатынастан бас тартуына әкелмеуі керек. Себебі, ғылым миеломаны емдеуде айтарлықтай серпіліс жасап, көптеген науқастарға қосымша жылдар бере отырып, өмір сүру ұзақтығын едәуір арттыратын жаңа препараттарды шығаруда.