Бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабап, балконға шығарып, үстінен суық су құйған
Бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабап, балконға шығарып, үстінен суық су құйған

Аида ЕРМЕКОВА, жәбіленуші: Әуелі бетімнен жұдырықпен ұра бастады. Кейін қол-аяғымды жұлқылап, белімнен тепкілей жөнелді. Мен еденге құлап, бетімді жаптым. Сен кім үшін әдемі киініп, боянып жүрсің деп жынданды. Кейін жартылай жалаңаш күйімде балконға шығарып, үстімнен суық су құйды. Балам оянып кетпеуі үшін үндемей шыдам тұруыма тура келді».Шыдады. Үш жылға жуық уақыт езгіге төзіп келді. «Жұрттан ұят болады, балаға обал болады» деген сарындағы ойлар мазалап жүрген. Алайда шыдамның да шегі бар. Бір күні ажырасуға бел буады. Бірақ, экс-күйеуі бұған одан бетер ашуланған. Баласын көруге келген сайын, анасын жұдырық астына алады екен.
Аида ЕРМЕКОВА, жәбірленуші: «Бұрынғы күйеуім маған кек қайтара ма деп қорқамын. Өйткені арыз жазғаннан кейін мені және туысқандарымды бернеше рет қорқытқан. Абайлап жүріңдер деп қоқан-лоқы көрсетіп келеді.»Экс-жұбайы жұмыссыз. Осыған дейін әйелінің мойнында отырып келген екен.
Раушан БАЙМҰРАТОВА, Аиданың анасы: Мен қызымды көрген кезде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Денесінің бәрі көгеріп, көзі ісіп, қол-аяғы қанаған. Егер ол сол кезде қашып кетпегенде, Құдай сақтасын, қазір қызым аман болар ме еді? Алматыдағы Аяжанның оқиғасы қайталанып кетуі әбден мүмкін еді».Қазір Аида экс-күйеуінің үстінен арыз жазып, сотқа берген. Қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғапты. Қазір ол үй қамауында отыр. Күдікті бұған дейін «бұзақылық» бабы бойынша сотталған екен.
Эльмира ШАУЛЕНОВА, қалалық пд баспасөз хатшысы Факт бойынша 24 жастағы қала тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 110 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасы шығарылды. Яғни 30 күннің ішінде әйелге жақындауға немесе басқа да бір әрекет жасауға заң бойынша тыйым салынған»Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе айыппұл төлеп құтылуы да мүмкін. Ал Аиданың өзі қазір психологтар мен дәрігерлердің қарауында. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. https://youtu.be/FUF_GE4jrk8