Түсірілген ақиқатты бұрмалаған кімдер... (басы)

18 Шілде, 2019 3456 0

«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! (1)

Оқы! Ол Раббың аса ардақты. (3)»

(‘Аләқ сүресі 1,3-аяттары)


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әлемдік деңгейде өз оқырмандарын тауып, қазіргі таңда тарихқа деген көзқарасты жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Осы орайда  Н.Ә. Назарбаевтың: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», - деген сөзі көптеген ұлағатты ойларды туғызады. «Тарихын білмеген халықтың болашағы жоқ» деген халық арасындағы нақыл сөзбен қалай келіспеуге болады. Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ата-бабаларымыздың әлемдік өркениетке қосқан  үлесіне кеңінен тоқталып кетті. Елбасымыздың «бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек» деген қанатты сөзі, тарихымызды қайтадан жіті зерттеуімізді меңзеп отыр [1]. Көне түркілер тарихы туралы айтқанда, көбінесе болған тарихи оқиғаларға қысқаша тоқталып кетеміз, не болмаса сол кезеңді зерттейтін ғалымдардың еңбектеріне баса назар аудармаймыз. Тарихи зерттеулер  белгілі бір ғалымның жазған еңбегі екендігі сөзсіз, алайда, кейбір еңбектер саяси қате кетпеуді көздеп зерттелетіндігі айқын көрініп тұратындығы баршамызға мәлім... Осы орайда, Алаш қозғалысының жетекшісі, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады… Дүниеде өзге жұрттар қатарында қор болмайын, «тұқымым құрып қалмасын» деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып, білуге тиіс болады», –деген өсиет қалдырған [2]. Алаш партиясының басқа да мүшелері сол кезеңде ұлттық тарихқа зер салып, тарихи құнды еңбектер жазған. Алайда, сталиндік тоталитарлық-мемлекеттік басқару жүйесі осы ғұлама тұлғалардың еңбектерін жойып, кейінгі ұрпаққа тарихымызды оқымайтындай кесапат істер жасап кетті. Еуразия алқабында, яғни оның кіндігі болып табылатын қазақ даласы, ежелден көптеген өркениеттердің ошағы болғаны туралы мәліметтерді, соңғы кездегі осы алқапта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлер мен қатар көптеген ғылыми жұмыстар дәлелдеп отыр. Дегенмен, тарих қойнауында біздің ата-бабаларымызға қатысты әлі де болса ашылмай жатқан көптеген мән-жайлар бар. Тарих туралы айтқанда, біздің тарапымыздан ең алдымен өткен дәуірді жан-жақты оқып және зерттеп, ғылыми көзқарас пен ой-толғаулардың ақиқат тұрғысында айтылуының қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, тарих өткен кезеңдерде болған фактілерді дәйектейді. Көне түркілер тарихы туралы айтқанда біз кейбір тарихи фактілерге зер салмаймыз, сонымен қоса ол тарихты кімдер жазды, қай ұлттың ғалымы жазды, оны жазған кім және оның қаншалықты дәлелді екенідігінің жадымыздан тыс қалып жатқандығы тағы бар. Расында, өткен әр күніміздің тарих қойнауына енетіндігі ақихат екендігі белгілі. Осы мақаланы жазу барысында біз Еруазия алқабында қандай мемлекеттер болғанына тоқталмай, тек қана діни нанымдар мен дін тарихына тоқталғанды жөн көрдік. Әр түрлі әдебиет беттерінде жазылған мақалалар осы алқапта тұрған адамдардың көк тәңіріне, күнге, әруаққа, отқа, суға, жерге, төрт түлік мал пірлеріне (Түйе атасы – Ойсыл қара; жылқы атасы – Қамбар ата; сиыр атасы – Зеңгі баба; қой атасы – Шопан ата т.с.с.) табыну, көшпенділер өркениетінің дүниетанымдық бағдарын көрсетеді. Алайда, жоғарыда айтып кеткеніміздей мұны тарихшылардың жіті зерттегендігі бізге беймәлім. Ал, діни наным-сенімдер адамзат тарихымен бірге пайда болғандығы баршаға айқын. Жалпы түсінік бойынша, «дін дегеніміз - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады» [3]. Осы тұрғыда, археологтардың жүргізген қазба жұмыстарының нәтижелері Орта Азия аумағында  зороастризмдік, иудаизм, буддалық, христиандық, шамандық және т.б. мәдениеттердің болғандығын баяндайды [4].    Атап айтсақ, Орта Азияда б.д.д. II-І мыңжылдықтар кезеңінде буддалық дінге қатысты құлшылық ететін үйлер табылғандығы [5], ал б.д.д. III-II мыңжылдықта зороастризмнің болғандығы [6], ал б.д. бірінші мыңжыңдығының аясында христиандық дін болғандығы әр түрлі зерттеулерден көрінеді. Біздің пікірімізше, осы аталған діндерге байланысты құлшылық жасайтын ғибадатханалар Орта Азия аумағында табылған, ал көптеген зеттеуші ғалымдардың қасиетті кітаптардың: Таурат, Забур және Інжіл Арабия түбегіне түскендігі туралы еңбектері бар. Осы тұста, егер аталған діндердің ошағы Араб түбегі болатын болса, онда осы діндерді тарату мақсатында неге Орта Азия аумағында дінді тарату соғысы болмаған,-деген заңды сұрақ туындайды және бұл жайлы ешқандай ғылыми деректер жазылмаған. Ал, Құран Кәрімнің түсуіне байланысты, яғни ислам дінін тарату мақсатында соғыс болғандығы туралы дерек көздері өте көп. Демек,  біздің тұжырымымыз бойынша зороастризм, иудаизм, буддалық және христиандық діни наным-сенімдер біз жақтан тараған, яғни Орта Азиядан. Осыған байланысты, біздің ғылыми қөзқарасымыз бойынша тарих еншісінде кеткен аталмыш руханияттың бұрмаланған түйінін шешу үшін, бүгінгі таңда дінді зерделеу, оны түсіну және жаратушыдан түскен кітаптардағы ұғымдарды басшылыққа алу, оны жан жақты зерттеудің  қажеттілігі туындап отыр. Оған себеп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары, Адам атаның қазақ екенін және оның  сөйлеген тілінің қазақ тіліне сәйкес келетіндігі туралы мақаласы түрткі болды. Ф.ғ.д.,профессор Б.К.Бейсеновтың пікірінше: «эта история не миф и не легенда, а вполне реальный случай из жизни реального человека. Бог, по словам ученого, помог создать настоящего человека и обучил его человеческому языку, который, по совпадению, оказался казахским» [7]. Ғалымдар өздерінің осы ғылыми мақаласында «Адам» және «алма» сөздерінің мағынасы мен бүгінгі күнгі қолданылуын назарға алады яғни олар: «Адам» сөзінің орыс тіліндегі аудармасы «человек» және «алма» жемісінің орыс тіліндегі мағыналық аудармасы «яблоко», ал сөзбе-сөз аудармасы «небери» дегенді білдіретіндігіне баса ықылас аударады. Сонымен қатар, аталған мақаланың авторлары тыйым салынған жеміс туралы тарихтың –аңыз немесе ойдан шығарылмағандығын баяндайды. Біз, өз кезегімізде осы ғалымдардың еңбегін және батыл ғылыми жорамалдарын қолдаймыз және осы болжауды нақтылап кетуді жөн көрдік. Сонымен, «алма» атауы Құран Кәрімде айтылмаған, онда жұмақтағы жеміс-жидектер туралы баяндалған. Атап айтсақ, А’раф сүресінің 19-шы аятында: (Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар»-деген уахи пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. түскен [8]. Бұл аяттан түсінгеніміз, жеміс ағашының атауы қасиетті кітапта көрсетілмеген, біздің пікірімізше ол ағаштың атауы жер бетінде алғаш рет «алма» атауы Адам ғ.с. атаның аузынан шыққандығымен байланысты пайда болған. Ал алма жімісінің ең алғаш Орталық Азия және Қазақстан тау маңайында пайда болғандығын ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Мысалы,  Сиверс алмасы (MALUS SIEVERSI) - Орталық Азия және Қазақстан тау маңайының саны қысқарып бара жатқан жабайы алма түрі. Бұл алма әлемдегі барлық алма сорттарының атасы болып табылады, себебі қазіргі барлық алманың мәдени сорттарына бастама берген осы жабайы Сиверс алмасы. Осы жайлы 1793 жылы орыс ботанигі Иоганн Сиверс Ұржар өзенінің аңғарларындағы орман ішінде өскен жабайы алмаға бірінші болып сипаттама жазған [9]. Бұл мәліметтерді көрсетіп отырған себебіміз, әріптестеріміздің болжауын Құран аяттарымен негіздеп отырғанымызды білдіреді. Жоғарыда келтірген дәлелдерімізді қорыта отырып, біздің пікірімізше Адам ғ.с. пайғамбарымыздың «қазақ» тілінде емес, «түркі» тілінде сөйлегендігі туралы негіздеуге болады. Сонымен қатар, пайғамбарымыз Адам ғ.с-ның түркі тілінде сөйлегендігін ғана емес, басқа да пайғамбарларымыздың түркі тілдес халықтарының арасынан шыққандығына Құран аяттары мен басқа да ғалымдардың еңбектері негізінде ғылыми тұрғыдан болжамдар жасауға негіз бар. Құран кәрімнің аяттарын ғылыми көзқараспен зерттей келе және оны басшылыққа ала отырып, Ибрахим ғ.с. ұрапақтарынан ғана пайғамбарлардың жіберілгендігіне көз жеткізуге болады, атап айтсақ: Ниса сүресінің 54-ші аятында « Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік»; Әнғам сүресінің 84-ші аятында  «Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дауыт, Сүлеймен, Әйүп, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік) Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз».  Осы 54-ші аяттағы «Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік» - деген мағынадағы «Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына зор патшалық берген едік» - деген мағынаны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақтың түп атасы» деген дастанындағы мынадай өлең шумақтары арқылы негіздеуге болады:

Адамның тұқымынан – Нұқ пайғамбар,

Үш ұлы – Хам, Сам, Яфас, міне, осылар.

Яфастың бір баласы Түрік деген,

Өрбіген сонан өсіп талай жандар.

*                        *                        *

Кім білмес баяғы өткен Оғұзханды,

Қаратқан қол астына талай жанды.

Басында Азияны түгел билеп,

Үрім, Парсы, Арабтың да көбін алды [10].

Сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердіұлының осы еңбегінен Яфастың ұрпағынан тараған басқа да әлемге танымал қолбасшыларды кездестіруге болады. Сондай-ақ, осы келтірілген мәліметтер Рашид-ад-Диннің «Сборник летописей» еңбегінің аудармасы 1952 жылы Мәскеу қаласында КСРО-ның ғылым академиясының баспасынан шыққан 1-томында баяндалған көне түркілердің тарих сахнасындағы ролі және Оғызханның алты ұрпағы туралы деректерден жоғарыдағы аталған  кейіпкерлермен өзара сәйкестіктерін аңғаруға болады. Жоғарыда аталған мәліметтерге қосымша ретінде, Махмуд ал-Кашгаридің «Диван Лугат ат-Турк» атты еңбегін аударған З-А.М. Ауезованың және саяси ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты, мемлекет және қоғам қайраткері И.Н. Тасмағанбетовтың төрағалық етуі негізінде 2005 жылы Алматы қаласының «Дайк Пресс» баспасында редакцияланып жарық көрген осы еңбектегі мәліметтерге жүгінуге болады. Аталған еңбекте: «Аллах Великий и Всемогущий сказал: У Меня есть войско, которое Я назвал ат-турк и расположил на Востоке. Если Я разгневаюсь на какой либо народ, Я подчиню его им. (ДЛТ, с.177)» [11],- деген мәліметтер көрсетілген. Ал, бұл үзіндіден Алла Тағала ат-түркілерді өз әскері ретінде танып, оларды шығысқа орналастырғандығын, сондай-ақ оларға шексіз билік бергендігін байқауға болады. Бұл деректер жоғарыда қарастырылған аяттағы «Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына зор патшалық берген едік» деген мәліметті растап тұрғандай.

Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы жалпыға белгілі «евроцентристік» дерек көздерінде  «Таураттың» яхудейлерге, ал «Інжілдің» христиандарға түскендігі баяндалады. Бірақ, біз өз ғылыми-зерттеуіміздің мақсатын басшылыққа ала отырып, бұл мәліметтермен түбегейлі келіспейміз. Себебі, жоғарыда аталған мәселеге байланысты қасиетті Құран Кәрім аяттарында басқа  фактілер келтірілген. Атап айтсақ, қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 140 аятында: «Немесе сендер: «Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: Яһуди не Христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?»,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Алла білдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңнен ғапыл емес»-делінген. Сонымен қатар, Құран Кәрімнің 3-ші сүресінің 65 аятында: «Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшін таласасыңдар? Негізінен Інжіл де Тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдар ма?», ал осы сүренің 67-ші аятында: «Ыбырайым (Ғ.С.) Яһуди де, Христиан да емес еді, нағыз Мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді»,- деп баяндалғанСонымен қатар, жоғарыда келтіргеніміздей, тек қана Нұх (Ғ.С.) және Ибрахим (Ғ.С.) пайғамбарлардың ұрпақтарынан пайғамбарлар және қасиетті кітаптар түсірілгендігін қасиетті Құран Кәрімнің Хадид сүресінің 26 аятындағы: «Расында Нұх (Ғ.С.) және Ыбырайым (Ғ.С.) ды жібердік. Екеуінің ұрпақтарынан да пайғамбар қылып, кітап бердік. Олардан тура жол тапқандары да бар. Олардың көбірегі бұзақылар»,- деген мәлімет нақтылай түседі. Осы тектес мәліметті, қасиетті Құран Кәрімнің орыс тіліндегі Абу-Адель аудармасындағы «Саба» сүресінің 44-ші аятындағы: «И не давали Мы [не ниспосылали] им [этим неверующим арабам] каких-либо книг (до Корана), которые они изучали бы, и не посылали к ним до тебя (о, Посланник) увещевателя (который предупреждал бы их о Нашей мощи в наказании)»- деген мәліметтен де байқауға болады. Осы жоғарыда аталған мәліметтерді растаушы ретінде, ITON.TV арнасында жүргізілген «Черным по-белому» теле бағдарламасында өткен сұхбатта раввин доктор Михаил Финкельдің «қасиетті Таурат кітабын еврейлер Шумерліктерден қабылдаған» - деп берген ақпаратынан да байқауға болады /12 /. Сұхбат барысында Михаил Финкель б.ғ.д. XVIII (1792 – 1750 ж.ж.) Месопотамида билік құрған  патша Хаммурапидің  кодексіне баса назар аударды, оның пікірінше,   «око за око» қағидаты  Хаммурапидің  кодексінен бастау алады.  Ал, шын мәнісінде, аталған қағидат қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында нақты түсірілген, мысалы Мәйда сүресінің 45-ші аятында: «Оларға тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас) жаздық. Дегенмен біреу, оны кешірім етсе, сонда ол оған кәппарат болады (өз күнәсы кешіледі.) Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар»,- делінген. Біздің білетініміз, Құран Кәрім адамзатқа түскен алдыңғы киелі кітаптардың растаушысы. Осы орайда, О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабының ІІ бөлімінің «Язык и наука» атты тарауында Шумерліктердің сөз қорының түркілердің сөз қорымен өте ұқсас екендігі баяндалғандығын да сөзге тиек етуге болады. [13]. Енді, Ниса сүресінің 54-ші аяттағы «Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік» -деген мағынадағы «Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап» берілгендігін ғылыми тұрғыда растайтын мәліметтерді зерттеуді жөн санадық. Егер Адам ата түркі тілінде сөйлесе, онда жоғарыда келтірілген аяттарға сәйкес, барлық пайғамбарлар түркі тілінде сөйледі деп нақты айтуға болжам бар. Осы орайда, біз Мұса ғ.с. толық тоқталып, оған ғылыми көзқараспен баға берсек пе деген ой туындады. Нақтылап айтсақ, Мұса ғ.с. мұсылманша жерленген, ал қабірінің пішіні біздің бабаларымыздың мүрдесіндей. Бұл деректі мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдінің Иордания мемлекетіне ғылыми сапармен барғанда, түсірген деректі фильмнен көруге болады [14] Ал енді, осы асыл пайғамбарымыздың біздің қазақ жерінде болғаны және осы жақтан Таяу шығысқа кеткені жайлы мәліметті қасиетті Құран Кәрімдегі аяттармен негіздесек, әрі оқырмандарға түсінікті болу үшін оның осында болғаны туралы жағрафиялық жер атауларымен және мақал-мәтелдермен ұштастырсақ деген ғылыми ой бар. Бізді елең еткізген жәйт, баршаға мәлім болғанымен, бірақ зерттеушілер  тарапынан ұмыт болып, шет қалған Қос Тұра тауы. Өйткені, қасиетті Құран Кәрімде Мұса ғ.с.-ға киелі Тәурәт кітабінің Тұра тауында түскендігін баяндайтын аяттар кездеседі. Біздің пікірімізше, Мұса ғ.с.-ға киелі Тәурәт кітабі түскен жер, жоғарыда аталған Қос Тұра тауы. Бұл таудың жағрафиялық орналасқан жері  Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы «сеңгір», (Боралдай өзенінің шатқалы)  яғни кристалдық тау жыныстарынан құралған үшкіл жалаң тау бастарында. Біздің қасиетті Құран Кәрімді зерттеуіміз осы Қос Тұра тауының ашылмаған сырларына байланысты болмақшы, яғни осы тауда пайғамбар Мұса ғ.с. Алламен тілдескен.   Бұл жайлы қасиетті кітаптарда баяндалған. Сол себептен біздің ғылыми жорамал Құрандағы аяттарды жіті оқып, оның мағнасына терең үңіліп, сондағы мән-жайларға назар аудару болып табылады. Сондықтан, біз Құрандағы мәліметтерді басшылыққа алдық. Мұндай пікір білдіруіміздің негізгі себебі, қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 51-ші аятында: «Сол уақытта Мұса (ғ.с.)-ға (Тұр Тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік»,-деген мәліметтің барлығын. Біздің білетініміз Тәурат кітабы – Мұса ғ.с. пайғамбарға түсірілген, бұл мәлімет Құран Кәрімнің 5-ші сүресінің 44 аятында:  «Поистине, Мы ниспослали (пророку Мусе) Тору, в которой (содержится) руководство (для выхода из заблуждения) и свет [разъяснение положений закона Аллаха]» және 3-ші сүренің 3-аятында: «Ниспослал Он тебе (о, Пророк) Книгу [Коран] с истиной [который содержит только истину], (и которая является) подтверждающей истинность того, что было ниспослано (от Аллаха) до неё [до этой книги — Корана]. И ниспослал Он Тору (пророку Мусе) и Евангелие (пророку Исе)», - деп беріледі, ал Құран Кәрім кітабы алдыңғы кітаптарды растаушы ретінде Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарға түсірілген. Баршаға мәлім, Аллаһ Тағаланың соңғы  қасиетті кітабы – Құран   Кәрім, ол бүкіл мұсылман  жұртының қасиетті  кітабы. Құран Кәрім соңғы иләһи кітап, әрі алдыңғы иләһи кітаптардың   барлығының бір Жаратушы тарапынан және бір дін, яғни ислам діні тұрғысында, түсірілгендігін растайды. Бұл мәліметтерді белгілі еврей ғалымы профессор Моше Шаронның берген сұхбатынан да аңғаруға болады (//www.youtube.com/. Известный еврейский профессор об Исламе). Сонымен қатар, аталған ақпаратты қасиетті Құран Кәрімнің Әли Имран сүресінің 19 аятындағы «Алланың қасында шынайы дін Ислам»,-деген мәліметтерден де байқауға болады. Ал келесі аятта, яғни Мәида сүресінің 48-шы аятында үкім ұғымы айтылған: «(Мұхаммед Ғ.С.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді»Осы,  мұсылман қауымына Аллаһ Тағаланың Ұлық аманаты һәм баға жетпес сыйы болып табылатын кітаптар кімдерге түскенін, яғни қай қауымға және қай өлкеге жіберілгенін зерттеу осы зерттеу жұмысының темір қазығы болып отыр. Өйткені, әр-түрлі ғылыми қөзқарастар бұл бағытта жазылған, бірақ олардың шындығы бір Аллаға аян. Сондықтан, біз жоғарыда қарастырылған мәселелерді Құран Кәрім аяттары арқылы ғылыми негіздеуді жөн көрдік. Себебі осы қасиетті кітапты жаратушы барлық адамзат баласына белгілі бір бағытта жіберген және оны түсіну үшін жеңіл түрде жіберген. Мысалы ретінде,  қасиетті Құранның 34 сүресінің 17 аятында: «И (Я [Аллах] клянусь, что)Мы облегчили Коран для поминания [для чтения, запоминания, понимания и размышления над ним],но найдется ли хоть один внемлющий (увещевания этой Книги) [получающий от этого пользу]»[15] деген мәлімет берілген. Ал, біз осы аталған мәліметтерді өз ғылыми зерттеуіміздің негізі ретінде басшылыққа алдық. Осы аяттың мән-мағынасын жете түсіну әр тұлғаның имандылық көзқарасының деңгейінде. Нақтылап айтсақ, бұл аятта Алла қасиетті Құран кәрімді барлық халықтарға оқу, зерделеу, зерттеу және түсіну үшін жібергендігін баяндайды. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген аятты басшылыққа ала отырып, біз ғылыми-зерттеу жұмысымыздың объектісі ретінде Құран Кәрімнің  «Гора Тур»- деп аталатын 52-ші сүресін, яғни қасиетті кітаптағы осы сүренің атауының және жоғарыда аталған тау атауының бір-бірімен тарихи сәйкестігін және Мұса ғ.с-ға қатысты Құран Кәрімдегі қиссаларды басшылыққа алдық. Осыған сәйкес, біздің зерттеу жұмысымыздың ұйтқысы - жоғарыда аталған сүренің мән-мағынасы мен атауының және «Қос Тұра» тауының тарихи аталуына байланысты бізге беймәлім болып келген сырларын ашу. Яғни, зерттеу жұмысы барысында біз, баршаға мәлім герменевтикалық әдісті қолдандық. Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге (текст) түсінік беру өнері / 16/.  Ділірек айтсақ, герменевтика - бұл мәтінді түсіндіру теориясы және қазіргі батыс әдебиеттану ғылымында кең өрістеу алған мағынаны түсіну туралы ғылым. Осы орайда, біз 34 сүренің  17 –ші аятын басшылыққа алып, қасиетті Құранның 52 сүресінің  «Гора Тур» 1-ші аятындағы: «Клянусь (горой) Туром, (на котором пророк Муса говорил с Аллахом Всевышним)» мәліметтерден, Мұса ғ.с. Алламен тілдескенін аңғарып отырмыз. Осы аятқа сәйкес Мұса ғ.с. Алламен тілдесуі барысында болған уақиға яғни, таудың опырыла-айырылуы Құран Кәрімнің А’раф сүресінің 143 аятында: «Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді»,- деп баяндалған. Бұл аяттағы мәлімделген таудың опырыла-айырылуының көрінісін біз жоғарыда атап өткен Қос Тұра тауынан анық байқауға болады. Осы жерде Қос Тұра тауына жақын маңда орналасқан елді-мекендердің ауыл ақсақалдарының осы Қос Тұра тауының опырыла-айырылу көрінісіне қатысты айтқан аңыз-әңгімелеріне  тоқталсақ: «Қос Тұра тауының опырыла-айырылуы, ықылым заманда бір әулие- ақсақалдың қолындағы аса таяғымен үлкен тау жотасына соққы жасауының нәтижесінде орын алған». Бір қызығы сол, ол әулие –ақсақалдың кім екендігінен және неге олай жасағандығынан жергілікті халық бейхабар.  Сонымен қатар, таудың қандай жағдайда кақ айырылатыны жайлы мағлұматтар Құран Кәрімнің аяттарында кездеседі. Атап айтсақ, Хашр сүресінің 21-шы аятында: «(Мүхаммед Ғ.С.) егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғанын көрер едің. Бұл мысалдарды адам баласы түсінсін деп, келтіреміз»,- деген ақпарат түсірілген. Сондай-ақ, қасиетті Құран Кәрімнің А’раф сүресінің 160 аятында: «И Мы разделили их [народ Мусы] на двенадцать (родовых) колен(сыновей пророка Йакуба) — народов. И внушили Мы Мусе, когда (во время странствования в пустыне) его народ просил у него пить: «Ударь своим посохом о скалу!» (И ударил Муса) и выбились из неё двенадцать источников (по числу колен потомков Исраила), так что все люди знали место своего водопоя [У каждого колена был свой источник, чтобы между родами не возникали споры]. И осенили Мы вас облаком [укрыли вас от солнечной жары под его тенью] и низвели для вас манну [нечто подобное мёду, которое появляется на деревьях] и перепелов. (И Мы сказали вам): «Питайтесь благами, которыми Мы вас наделили! (Но они стали ослушаться повеления Аллаха и не благодарили за блага и лишились этих благ.) И (этим самым) не Нам они причинили несправедливость [вред], а самих себя обидели.»,- деген мәліметтер баяндалған. Біз, осы А’раф сүресінің 160 аятынан Алла Тағаланың Мұса ғ.с. қауымын он екі руға бөлгенін және әр қайсысына он екі бастау шығарып бергенін байқаймыз. Біздің  білетініміз өзен бастаудан басталады, яғни жоғарыда аталған он екі бастаудан қазіргі Қос Тұра тауының жүйесінде орналасқан он екі өзеннің пайда болғанын жорамалдап отырмыз. Мысалы: Боралдай, Қошқар ата, Теріс, Сүңгі, Қасқа бұлақ, Арыстанды ......және т.б.с.с. олардың кей бірі құмға сіңіп, ал кей бірі үлкен өзендерге құйып, кей бірі өзара сабақтасатындары тағы бар. Аталған Қос Тұра шатқалы Қаратау сілімінің дәл орта белінде яғни, Қаратау кіндігінде мұнара сипатында орналасқандығы байқалады. Қасиетті Құран Кәрімнің А’раф сүресінің 160 аятында баяндалған Мұса ғ.с. кезген шөлдаласы, біздің пікірімізше Қызылқұм, Бетпақ бала және Қарақұм шөлдері яғни, Арал теңізінен Қаратау жоталарына дейін тірелетін аймақтар болуы әбден мүмкін. Құран Кәрімнің Та Ха сүресінің 12  аятында «Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың»,-деп айтылған. Бұл Тува даласының қазіргі таңдағы жағрафиялық нақты орны туралы мәселе, бүгінгі таңда ғалымдар арасында пікір-талас тудыруда. Біздің болжамымыз бойынш аталған шөлді-дала ол орта Азия шөлдерін яғни, Қызылқұм, Бетпақ бала, Қарақұм шөлдері және т.б. болуы әбден мүмкін. Өйткені, осы аталған шөлдер Тұра тауына іргелес жатқан ең жақын аймақ. Дәлірек айтқанда Қос Тұра тауының жоғарыда аталған үш шөлдің жағрафиялық жағынан бір-бірімен тоғысқан торап ретінде орналасқандығын географиялық карталардан байқауға болады. Оқырманға айта кететін жәйт, А’раф сүресінің 160 аятында:  «И Мы разделили их [народ Мусы] на двенадцать (родовых) колен (сыновей пророка Йакуба)»,- деген мәлімет берілген. Ал бұл мәліметтерді, яғни осы аятта баян етілген он екі рудың кімдер екені жайлы ақпаратты жіті зерттеуді біз алдағы уақыттың еншісіне қалдырып отырмыз. Бұл ақпараттардың нәтижесімен  Алла қаласа келесі зерттеу жұмысымызда толыққанды танысатын боласыздар. Қасиетті Құран Кәрімдегі аяттарды басшылыққа ала отырып, мұнда ескеретін тағы бір жәйт ол, Мұса ғ.с. іс-қимылдарындағы мән-жайлар яғни, қасиетті Кітаптың Та Ха сүресінің 18-ші аятында ол қолындағы асатаяқпен «я опираюсь на него [при ходьбе] и сбиваю им [листья с деревьев] для моих овец.,» деген, - сөзі тағы да бір ғылыми жорамалды туғызады. Өйткені, аталған аяттың мазмұнынан, Мұса ғ.с. мекен еткен елді мекеннің орманды алқаб екенін байқауға болады. Ал, қазіргі Аравия түбегінде жасанды бес орман алқабы ғана бар екенін білеміз. Сондықтан, біздің пікірімізше, аталған алқап осы ғылыми-зертеу жұмысымыздың объектісі болып отырған Қос Тұра тауы. Бұл жер жағрафиялық жағынан ну орман алқабында орналасқан. Сонымен қатар, ғалымдардың пайымдауынша қойды үй жануары ретінде ең алғаш Орта Азия жерінде қолға үйреткен. Қос Тұра тауы  ну орманмен қоса табиғи фауна мен флораға өте бай өлке. Кешегі өткен кеңестік дәуірден қазіргі таңға дейін ол өңір арнайы бағдарлама бойынша мемлекет қорғауында. Аталған қорықта қызыл кітапқа енгізілген жабайы тау тағылары мен өте сирек кездесетін өсімдіктер қоры өте көп және бұл тау жынысы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының солтүстік-батыс шекарасымен шектеседі. Ал, Жуалы ауданының атауы «жабайы жуа» (сарымсақ) деген мағынаны білдіреді. Ал, ғалымдардың зерттеуі бойынша сарымсақтың отаны Орта Азия екендігін барша әлем мойындайды. Қазіргі Бәйдібек ауданында орналасқан Қос Тұра тауы  Жуалы ауданымен бір таудың сілімінде орналасқандықтан тау өсімдіктерінің өсуі мен орналасуы және жабайы көкөніс қоры екі жақта бірдей. Бұл жайында, Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 61-шы аятында «Сол уақытта естеріңе алыңдар! «Әй Мұса! Бір-ақ түрлі тамаққа (Мәнна, Салуаға) сабыр ете алмаймыз. Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізге жерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бұршағынан және сарымсағынан шығарсын» дедіңдер» делінгенін аңғаруға болады. Ал, аталмыш «әйгілі Синай» тауын бейнелейтін бейне таспалардан мұна көкөністер мен өсімдіктер қорының (қияр, бидай, бұршақ және сарымсақ) жоқ екендігін байқауға болады. Таяу шығыс зерттеушілерінің пікірінше аталған Синай тауында Муса ғ.с.  Алламен тілдескен. Алайда, біз бұл ғалым-зерттеушілердің пікірімен келіспейміз, өйткені аталған тау шатқалында Муса ғ.с. тұрағы ретінде белгілі болған әйгілі үңгірді зерттеушілер бұл аталмыш таудан әлі күнге дейін іздестіруде. Бұл мәліметтерді аталған тауға зиярат етіп барушылардың бейне-түсірілімінен яғни, ғаламтордың youtube.com желісіндегі  «Путеводитель. Гора Синай» сюжетінен байқауға болады. / 17/. Біздің зерттеу жұмысымыздың объектісі болып отырған Қос Тұра тауының сілімінде, дәлірек айтқанда, солтүстік батысқа қарай шамамен 6-7 шақырым жерде баршаға мәлім қасиетті «Ақ мешіт» үңгірі орналасқан. Аңызға сүйенсек, сол үңгірдің төр жағында Сүлеймен ғ.с. анасы жерленген. Аталған үңгірдің ұзындығы болжаммен 230-250 метрді, ені 30-40 метрді, ал биіктігі 10-15 мертді құрайды. Сонымен қатар, үгірдің Қос Тұра тауының сілімінде орналасуы біздің осы ғылыми зерттеу жұмысын жазуымызға бірден-бір себеп болды. Аталған үңгір мен ондағы мән-жайларға байланысты  ақпарат біздің зерттеу жұмысымыздың объектісі болмағандықтан, біз ол туралы келесі мақалаларда толық қанды қамтимыз деген ойдамыз. Келесі герменевтикалық әдісті біз қасиетті Құран Кәрімнің 18 «Пещера» сүресіндегі Мұса ғ.с. тағыда бір қиссасына қатысты қолдансақ. Атап айтсақ:  60. Вот Муса (Моисей) сказал своему слуге: "Я не остановлюсь, пока не дойду до места слияния двух морей или пока не потрачу на путешествие долгие годы". 61. Когда они дошли до места их слияния, они забыли свою рыбу, и она двинулась в путь по морю, словно по подземному ходу. 65. Они встретили одного из Наших рабов, которого Мы одарили милостью от Нас и обучили из того, что Нам известно. 66. Муса (Моисей) сказал ему (Хидру): "Могу ли я последовать за тобой, чтобы ты научил меня о прямом пути тому, чему ты обучен?" 71. Они вдвоем двинулись в путь. Когда же они сели на корабль, он сделал в нем пробоину. Он сказал: "Ты сделал пробоину, чтобы потопить людей на нем? Ты совершил тяжкий поступок! Ал енді осы аяттың мағнасына зер салатын болсақ, онда Мұса ғ.с-ның. екі теңіздің қосылатын жеріне дейін тоқтамай баратыны жайлы баяндалған. Біздің ғылыми жоромал бойынша ол Орта Азия аумағында орналасқан Қаспий пен Арал теңізі, не болсама Қара теңіз бен Азов теңізі болуы мүмкін.  Өйткені, бұл аталған аймақтар көне Түркілердің мекендеген жерлері болып табылатындығын аталған саланы толық және жан-жақты зерттеген ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Тарихи деректерге жүгінсек онда жағрафия тұрғысынан мынадай мағлұмат алуға болады: «Ежелгі замандағы авторлардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің Скиф шығанағы шығысқа қарай ұзыннан-ұзақ созылып, Арал теңізінің төңірегін түгелімен қамтыған. Көне әдебиетте Скиф шығанағымен қатар «Оксий қопасы» да жиі сөз болады. Ал бұл Арал теңізінің өзі» - деп жазды, белгілі Кеңес одағының тарихшысы әрі археологы С. П. Толстов. /18 / Сонымен қатар, бұл мәліметтер «Гранат» энциклопедиялық сөздігінде: «Геологическую историю Каспийского моря можно проследить со времени сарматского яруса (миоцен), когда Каспий входил в состав замкнутого солоновато-водного бассейна, протянувшегося от Вены на западе до Аральского моря на востоке» - деп берілген. /19 / 


Авторлық құрам:

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қылмыстық және қылмыстық  іс жүргізу құқығы» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Сағынбеков Құрманбек Сағынбекұлы.


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Азаматтық және азаматтық іс-жүргізіу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Сатылғанов Ержан Танкашұлы.


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы құқық ғылымының магистрі Махамбетов Асқар Болатұлы.


“Жамбыл-Тараз” газетінің бас редакторының орынбасары Сатыбалдиев Бекнұр Мейрамбайұлы




Жалғасы бар...

Тегтер: ақиқат, тарих, қазақстан, жаңалықтар, әлем, дін, білім, ғылым, таным

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.