Әлия Назарбаева қытайлық вакцинаны ектірді
Әлия Назарбаева қытайлық вакцинаны ектірді
Қоғам қайраткері, "Жандану әлемі" қайырымдылық қорының, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина ектірді деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Instagram әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. "Вакцинация туралы көптеген пікірлер бар және әркім өзі шешім қабылдауға құқылы. Демалыста болдық. Қытай вакцинасын ектірдім, өзімді қалыпты сезінемін. Денсаулықтың басты кепілі- бұл белсенді өмір салты, күн және барлық нәрсеге оң көзқараспен қарау", - деп жазды Әлия Назарбаева Instagram-да.