Алматы облысының тұрғындары суды несиеге ішіп отыр
Алматы облысының тұрғындары суды несиеге ішіп отыр

Жанболат ШАЛАҚАЗАҚОВ, Ақжазық ауылының тұрғыны: "Мынандай болатын болса, даже көрші-көршіге дәретке су бере алмаймыз, шынды айтсақ. Даже тарифі қымбат, 174 деп арыз жазғанбыз аудан әкіміне. Сол кезде білдік біз, бұл 20 жылға кредит алып, салынған екенін. Оған дейін біз білмедік. Ауыл білмеді. Енді, мыңға қоятын болса, онда бәрін жинап, өзіміздің ескі колонкамызды шығарып берсін. Сол жақсы еді, негізі, таза еді".Жалпы, өңірдегі 4 ауылдың ауызсу жүйесін ретке келтіруге Ұлттық қордан 1,2 млрд теңге бөлінген. Соның 178 млны осы Ақжазыққа су құбырын тартуға жұмсалыпты. Осы күнге дейін сол несиенің үстемақысын шығынға батса да, Панфилов су құбыры мекемесі төлеп келген. Енді, жалпы қарызды қайтару абоненттер есебінен жүргізілмек. Соған байланысты, тарифті көтеруге ұсыныс берілген. Нәзира ҚАСЕНҚЫЗЫ, «Панфилов су құбыры» мкк бас экономисі: "Қазіргі күнге 3 ауылдың соммасына өтінім бердік Антимонопольный комитетке. Ақжазық ауылы 996 теңге, Лесновка ауылы 918 теңге. Педжим ауылы 446 теңге 1 куб суға өтінім жіберілді. Лесновка мен Ақжазық кішкентай ауылдар болғандықтан, объем аз болғандықтан, тариф те қымбат болып тұр".
Бақтияр БАҚЫТЖАНҰЛЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Өтінім келіп түсті, «Панфилов су құбырынан». Бұл тарифтерді қалыптастыру қағидасына сәйкес, 90 жұмыс күні ішінде қаралады. Департамент тарапынан нақты шешім қабылданған жоқ. Алайда, осы халық санаты үшін 2021-жылдың аяғына дейін тарифтің жоғарылауы жоспарда жоқ. 2022-жылға өтінім келіп түскен жағдайда, сол бойынша нақты зерделеніп, шешім қабылданады".Айта кетсек, 4 елді мекенге тартылған ауызсу құбыры мен жабдықтары келісім-шарт негізінде қазір кепілдікте тұр. Егер, ақша қайтарылмаса, несие беруші тарап барлығын алып кетуге құқылы екен.
Арман ТАЗАБЕКОВ Панфилов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы: "Бюджеттік кредитования бағдарламасымен салынған. Механизм бойынша, 20 жылда салынған ақшаны біз бюджетке қайтарып беруіміз керек. Келесі жылдан бастап бұл ақшаны тарифпен қайтарылады деп есептелген болатын. Алайда, басқа ауылдармен салыстырғанда көп шығып отыр. Бұл бойынша, наразылықтар, түсінбеушіліктер болып отыр. Ол мәселені болашақта қарастырып, шешеміз".Дәмі кермек татығандықтан тұрғындардың көбі тіршілік нәрін осылай ескі ұңғымадан, бастаулардан тасып, ішіп отыр. Ал, үйдегі суды тек кір жуып, малға беруден басқа амал жоқ. Бағасына сапасы сай болса, бір сәрі еді, - дейді ақжазықтықтар. https://youtu.be/-UvE7i-YdhM