Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен 19 жастағы сарбаз іздестірілуде
Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен 19 жастағы сарбаз іздестірілуде

«Соңғы рет 20-сында звондады, «бәрі жақсы мама, уайымдамаңыз»-деді. Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па, деп сұрадым. «Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы», деді»,-дейді сарбаздың анасы Гүлжан Арысбаева.«Не себептен қашып кеткені бізге беймәлім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласында осы әскери бөлімнің қызметкерлері және құқық қорғау органдары тарапынан Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіпжатыр. Әзірге нәтиже жоқ»,-дейді 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.