Жамбыл облысында жезөкшелер притонын ұйымдастырған әйел ұсталды
NewsRoom
Жамбыл облысында жезөкшелер притонын ұйымдастырған әйел ұсталды
Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігіҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Стоп трафик» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, ұстаған 48 жастағы әйелді ұстады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. «Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 2 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 5 әйел қойылды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.