Алматыда коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдары анықталды
Алматыда коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдары анықталды

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Өзгерістер байқалған аймақтарда геномдық реттеу нәтижелері белгілі болды. Британдық және оңтүстікафрикалық коронавирусқа тән мутация анықталды. Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындарының назарын осы жағдайға ерекше аударғымыз келеді. Бүгінгі күні вирустан қорғанудың жалғыз жолы бұл вацинация болып табылады. Сәуір айында тағы вакцина күтіп отырмыз. Сонымен қатар Алматыда 2 млн тұрғыны бар екенін және көші-қонның жоғары деңгейін ескере отырып, жаңа штамдар аясында барлықтарыңызды коронавирус індетіне қарсы шараларды күшейтуге шақырамын.