Өзбекстан мен Түркия бірлескен әскери жаттығу өткізді (видео)
NewsRoom
Өзбекстан мен Түркия бірлескен әскери жаттығу өткізді (видео)
Өзбек елінің Термез қаласындағы полигонда екі елдің арнайы жасақтары бірлескен жаттығу өткізді.
Бұл туралы newsroom.kz тілшісі trtrussian.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жаттығу барысына түрік Бас штабының қолбасшысы Яшар Гюлер, өзбек Бас штабының басшысы генерал-майор Шухрат Халмухаммедов пен Сұрхандария облысының хокимі Туру Боболов қатысқан.
Сценарий бойынша шекараны дрондардың көмегі арқылы бұзып өткен содырларды қос елдің арнайы жасағы әуе-жер күштерінің көмегімен талқандаған. Бұған қос әскерилер 15 шақырымдық арнайы белдеулерді бағындырып, тактикалық тәсілдерді пысықтаған.
https://youtu.be/hp5xlPVxPKs