«Жас Отау» қоры білікті шара өткізді

29 Маусым, 2018 875 0

Жастары баспанасыз халықтың саны да, сапасы да өспейтіні баршаға мәлім. Ендеше, жас отауларды баспанамен қамтамасыз ету бүкіл қоғамға жабылып  шешетін, көкейкесті әлеуметтік мәселе деп хабарлады «Жас Отау» қорының баспасөз қызметі.

Сондықтан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халықты баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде. Себебі Қазақстан елін күшейтуіміз үшін жастарымызды баспанамен қамтамасыз етіп, демографиямызды көтеруіміз қажет. Халықты баспана және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Елбасының «Индустрияландыру Жоспары», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы Жол», «Нұрлы Жер» бағдарламалары, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасы, «Қол жетімді баспана – 7-20-25», Үкімет пен кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершілігі жайлы саясаты, осының барлығы Ұлы дала халқын Мәңгілік Елге айналдыру үшін жасалып отыр деді аталған хабарламада.

Осыған орай, «Жас Отау» Республикалық қоғамдық қоры жастар мен табысы төмен отбасыларын аяқтандыру (демеу) мақсатында ипотекалық пәтерге дейін уақытша қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат қойып отыр.

Қордың мақсаты:

1. Қала сыртынан қол жетімді үйлер салу үшін Үкіметтен тегін жер телімдерін сұрау; 

2. Заманауи үнемді технологияларды пайдаланып, 2-3 қабатты қолжетімді үйлер салу;

3. Баспанаға мұқтаж адамдарды шағын кооперативтерге біріктіру;

4. Жер-жердегі кәсіпорындардың басшыларына арзан технологиялы әдістерді ұсынып, үйсіз жүрген жұмысшыларына арналған жатаханалар салу ісшараларын ұйымдастыру;

5. Ішкі және сыртқы инвесторлардан қайтарымды және қайтарымсыз қаражат алуға қол жеткізу. Меценаттарды абыройлы іске үгіттеп, игілікті жұмысқа тарту.   

2018 жылдың 28 маусымында «Жас Отау» қоғамдық қорының бастамасымен салынған бірінші қол жетімді үйдің тұсау кесеріне орай баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясы: Жұмыла көтерген – жүк жеңіл, ортақ иеліктегі үй жеңіл тақырыбында болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі, Целиноград ауданы әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясы, «ҚКХП» партиясы өкілдері, Парламент Сенат депутаттары, Бұқара ақпараттық құралдары аталған шараға қатысты.                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер: жасотау, астана, баспана, конференция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.