Тойда ұсталған Қайрат Нұртас жазаланатын болды
Тойда ұсталған Қайрат Нұртас жазаланатын болды

"Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топтар ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысқан іс-шара өткізілгенін анықтады. Келушілердің арасында Қайрат Нұртас болды, ол басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.Жуырда БАҚ-та Қайрат Нұртастың карантин ережелерін кезекті рет бұзғаны туралы жазылды. Әншіні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде байқаған. Бұзушылықты мониторингтік топ анықтады. Тойға қатысушыларды видеоға түсіріп алған.