Жаңалықтар

Жаңа қаулы: еліміздегі оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

 
Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Республиканың барлық өңірінде 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға болады. 2021 жылғы 26 наурызда сағат 00-ден бастап күшіне енген Қаулыға сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында: - білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға; – тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға; – тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде: жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектепалды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.
«Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау)», – делінген қаулыда.
Сонымен қатар, Қаулыда вакцинация екі кезеңмен жүргізілетіні жазылған.
«Ең алдымен I компонентпен 0,5 мл. дозада, содан кейін 3 аптадан кейін (вакцинация күнін есептемегенде 21-күн) – II компонентпен 0,5 мл. дозада; бұл ретте, 21-күні II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге жолға шығу және т.б.) егуді келесі 7 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; I және II компоненттерді енгізу арасындағы аралықты негізсіз ұзартуға жол бермеу ұсынылады, себебі, бұл иммундық жауаптың қалыптасуына және вакцинацияның тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Жекелеген жағдайларда 21-күні II компонентпен егу жүргізу мүмкіндігі болмағанда (ауру, жолға шығу және басқалары) I компонентпен егуден кейін 60 күнге дейінгі кезеңде II компонентпен егуді жүргізуге жол беріледі», – делінген Қаулыда.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.