Жаңалықтар

Алатаудың бөктерінде алма бақтар оталуда

   width= Алматы облысында шыршалардың жаппай оталуы табиғат жанашырларының наразылығын тудыруда. Қоғам белсенділері кесілген ағаштарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Айта кетейік осыған дейін белгісіз біреулер Наурызбай ауданында 10 гектар аумақтағы алма ағаштарын отап, тып-тиыпыл еткен болатын. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алматы облысында ағаштардың жаппай оталып жатқанын Асыл Қабдуллин атты желі қолданушысы видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Оның айтуынша бұл Талғар ауданына қарасты Ақбұлақ тау-шаңғы курортының маңы. Алайда бұл мәселеге қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегілер Солдатсайда қуарған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл аумақ Іле-Алатау ұлттық паркі аумағына кірмейді екен. Кесу жұмыстары орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің келісімімен жүзеге асырылыпты. Аталған аумақта еуропа шыршасының ағаштары қурап, орманның санитарлық жағдайын нашарлатуда. Олар бұл өңірге интродуцент, яғни басқа өңірден сынақ жүргізу үшін әкеліп отырғызылған. 70-80 жыл өткеннен кейін ағаштар қурай бастады. Оны уақытылы кеспесе, ауру мен зиянкестердің ошағына айналып, аймақтағы басқа ағаштардың өсуіне үлкен залалын келтіруі мүмкін. Сол себепті және Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларына сәйкес барлығы 26 шаршы метр болатын 158 ағаш iрiктеліп алынып, ағаш кесу жұмыстары жүргізілуде. Яғни ағаш кесу жұмыстары жалпы аумаққа емес, жекелеген, тек қураған ағаштарға жүргізілуде. ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН Ал Алатаудың бөктерінде алма бақтар оталуда. Ғасырлық ғұмыры бар ағаштардың күл-талқаны шығып, 10 гектар аумақты алып жатқан табиғи ландшафтың орны құрылыс аймағына айналыпты. Алайда, бұл туралы Қарағайлы ауданының тұрғындары енді біліп отыр. Әлдекімдер небәрі бір айда айналаны қоршап, ешкімге ескертпестен жасыл-желектің бәрін заңсыз кесіп тастаған. Бір қызығы, осыған дейін ағаштардың оталып жатқанын тұрғындардың ешқайсы көрмеген. Соған қарағанда, жұрт жасыл-желек түнге қарай кесілген бе деп топшылайды. Әкімдік өкілдерінің өзі бұл туралы енді біліп отырмыз дейді. Оған қоса алма бақтарының аймағы жекенің қолына өткелі, бұл маңды құзырлы органдар да тексере алмапты. Ал айналасы қоршалған нысанның төлқұжаты табылмады. Құрылыс компаниясының басшылығы да мән-жайды түсіндіруге шыққан жоқ.

Оңалбек ҚАДЫРБАЕВ, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы: Бұл жер учаскесі банктің кепілінде болған, бір жекеменшік компанияға тиесілі деген ақпарат бар. Бірақ ол әлі нақты емес. Қазір аталған аймақ кімдердің иелігінде екені анықталуда. Құзырлы органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Ағаштарды отауға рұқсаты болды ма, жоқ па тексеріліп жатыр. Егер рұқсаты болмаса, тиісті шаралар міндетті түрде қабылданады».

Енді алмабықты қалпына келтіру әсте мүмкін емес, Дегенмен жұртшылық бұл жерге отбасымен серуендейтін орын салынса деп тілейді. Шенділер бұл аумақты кімнің алып, не салғалы жатқанын анықтағанша, тұрғындар барлық жерге шағым жазып, мемлекет басшысына дейін баруға ниеттеніп отыр.  https://youtu.be/bDRtyp3ZRS4