Алматыда қаңғыбастар бейіт басын паналап жүр
Алматыда қаңғыбастар бейіт басын паналап жүр

Хасан АМАНҚҰЛ , ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы Қабірлерді басу немесе хадистерде келеді «Қабірге отырмаңдар» деген. Тіпті отырудың өзі рұқсат емес. Ол жерде тіпті спирттік ішімдіктерді ішу ол жерде тамақтанудың өзі, ол жерде күліп немесе ойнап немесе ары-бері қыдырып еш бір себепсіз жүрудің өзі сол мәйіттерге деген құрметсіздік».Мұнда қарауылға штат болмағандықтан, инспектор өзі күніне бір келіп қарап өтемін дейді. Талай темір жоғалғанымен, әлі бірде біреуі табылмаған екен.
Бақытжан БЕКБАТОВ, зират инспекторы Ұрлыққа байланысты, ұрлыққа келіп айтады қоршауымды ұрлап кетті дейді. Біз келеміз де бірден РОВД-ға звандаймыз. Келіп РОВД-дан тексеру өтеді, кетеді. Бәрін түгел через РОВД-ға береміз. Табылды деп ешкім келіп табылды деген жоқ».Бұрын бұл жер ауылдық округке қараған. Кейіннен қалаға ауысып, жер тапшылығына байланысты жабық қорым қатарына кірген. Негізінен әзірбайжан, түрік қазақ ұлтының азаматтары жерленген. Полиция департаментіне бұл мәселе бойынша сұрау салғанымызда, 2019 жылдан бері «Әйгерім» ықшам ауданы бойынша ешқандай шағым келіп түскен жоқ деп хабарлады. Ал, тұрғындар қорымның қауіпсіздігін құзырлы орындар қолға алмаса, әруақтардың сүйегін қорлау жалғаса беретіндігіне сенімді. https://youtu.be/-Tze8gucRRU