Кездейсоқтық деп айта алмаймын: Әкесі шенеунік, баласы депутат боп жүрген кімдер?
Кездейсоқтық деп айта алмаймын: Әкесі шенеунік, баласы депутат боп жүрген кімдер?

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы: Бұл сонау Кеңес Үкіметінен қалып қойған бір үлкен сарқыншақ деп айтуға болады. Көбіне жоғары биліктегі лауазымдарға осындай туыстықпен немесе бауырластықпен, қандастықпен тұрып жатқан адамдардың көптеген мысалдары болған. Енді қазіргі таңда осы құрамды өзгертуге, былайша айтқанда басқа да білікті, жанып тұрған, азаматтық позициясы бар азаматтарға әлеуметтік лифт беру үшін бірнеше қадамдар жасалып жатыр.Елдегі оппозициялық партияның өкілі Талғат Омаровтың да пайымы осыған ұқсас. Маслихат секілді маңызды лауазымдарда тамыр-таныспен отырғандардың кімдерге қолайлы екенін былайша түсіндіріп берді.
Талғат Омаров, ЖСДП орталық аппаратының басшысы Бұл кездейсоқтық деп айта алмаймын. Неге десеңіз, біріншіден, билікке қандай адамдар керек? Оларға үндемейтін, әй десе қоя қоятын, айт десе айтатын, сондай адамдар керек. Егер депутат болса, сенің әкең бизнесте жүрсе, немесе басқа да лауазымда жүрсе, сен айтқан сөзін, істеген ісін, оның бір жағы билікке тиіп кетпесін деп қарап отырасың, халықтың мұң-жайын былай ысырып қоясың да.Ал, Мәжіліске жаңадан келген су жаңа депутат Сырым Ертаев бес саусақ бірдей еместігін алға тартады. Шенеуніктердің баласы я туысқаны басшылық қызметтерден көрініп жатса, одан саяси астар іздеп қажет емес дейді. Күнделікті көріп-біліп жүрген педагогтар, я болмаса дәрігерлер династиясы секілді.
Сырым Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Депутаттық мандат деген бұл енді атадан, әкеден қалған тақ емес. Мысалы, кәсіпкер кәсіпкерлікті үйретеді өзінің баласына, дәрігер дәрігерлікті. Бұл жерде тәжірибеге байланысты. Яғни кейбір мәселелерде болады, іздеу керек шығар астар, түк бітірмейтін, істемейтін сондай бір жағдайларда.Иә, маманның қарым-қабілеті мен кәсіби біліктілігін жоққа шығаруға болмайтыны рас. Әсіресе, тәжірибесі мен атқарған ісі үйлесіп тұрса.
Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы Егер үміткер өзінің білімі тұрғысынан, санаты тұрғысынан, еңбек өтілі тұрғысынан осы лауазымға лайық болса, оның әкесі кім немесе министрдің баласы ма деген сұрақ тумауы керек. Өйткені әрбір адамға, әрбір азаматқа біздің елімізде тең құқықтар берілген. Егер шын мәнінде ол өзінің кәсіби біліктілігін көрсете алатын болса, оны дәлелдеп берсе, онда ол сол лауазымға лайықты деп санауымыз керек.Тек маслихат депуттары емес, өзге шенеуніктер арасында мұндай мысалдар жеткілікті. Мәселен, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоқжановтың туған інісі Марат Тоқжанов Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірін басқарып отыр. Экс-министр Біржан Нұрымбетовтің өз ағасы Тимуржан Нұрымбетовпен әріптес болғаны да ел аузында. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың інісі - еліміздегі ең ірі ұйым "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның президенті екенін біреу білсе, біреу білмес. Тізім мұнымен бітпейді.