Ұлымды 27 жыл көрмедім – «Бауыржан шоу» актері
Ұлымды 27 жыл көрмедім – «Бауыржан шоу» актері

«Лиза екеуміз жатақханада тұрдық. Тұңғыш ұлымды менің әке-шешем бақты. Олар бауыр басып қалған шағында әйелім алып кетті. Құдалар бір-бірін түсінісе алмады. Құдалар ұрысып жатқаны маған ауыр тиді. Сосын ажырасайық дедім. Әйелім ұлын алып кетті. Сол кеткеннен өзін де, ұлымды да көрмедік», - дейді.Бексұлтан есімді тұңғышын актердің көрмегеніне 27 жыл болған. Актердің жүрегін ауыртқан жайт, әкесінің сол немересін қайта көре алмай, дүниеден өтуі. Өнер иесінің анасы да тұңыш немересін әлі де сағынатынын, көргісі келетінін көзіне жас алып, жеткізді.