Сенатта шаруасы жоқ адам құрт сатып кәсіп етуде...
Сенатта шаруасы жоқ адам құрт сатып кәсіп етуде...
"Егер ісім өнсін десең, ретін тап" депті Абай атамыз. Істің көзін білетін адамға карантин де кедергі емес!
"Əрі жырау һəм бақсы" дегендей, өзі ақын, өзі салықшы Олжас Отар жездемнің Мұхтар есімді ескі досы Алматыдағы сауда-саттығы карантинге байланысты уақытша жабылып қалып, ауылына бір-ақ тартыпты.
Тынбайтын еңбекқор адамдардың екі күннен артық үйде бос жата алмайтын əдеті емес пе. "Короновирус қалса да, əдет қалмайды" деген, ауылда құр жата алмай, жиырма шақты сиыр бағып отырған бір құрдасына барып: "Сиырларыңды сауып маған сүтін өткіз" деп қолқа салады ғой. Сонымен күніге 100 литр сүтті 100 теңгеден алатын болып келіседі. Ауылда əр үйде бірді-екілі ірі қара бар. Ешкім ешкімнен сүт сатып алмайды. Мал басын көбейтсем болды деп сүт сатуды тіпті ойына да алмаған құрдасы іске қуана кіріседі. Сəл бейнеті бар, есесіне күніге 10 мың теңге тұрақты кіріс кіргелі тұр. Əлгі сатып алып жатқан азамат ол сүттен май алып, құрт жасап жатқан көрінеді. Жатқанға жан жуымайды, жүргенге жөргем ілінеді. Күніге 4 кг сары май, 6-7 келі құрт. Қолдың майының келісі кемі 3 мыңнан, құрты 2 мыңнан қəзір. Біреудің ақшасын есептеуге жүйрікпіз ғой қашаннан, көбейтіп, есебін шығарып кеп жіберу ешкімге қиындық тудырмайды деп ойлаймын, сондықтан оны өздеріңізге қалдырам. Қалай бəрекелді демейсің ə. "Əзірге сақтап жатырмын, ертең Алматыма жеткізіп алсам, адамдар өз аяғымен мені іздеп жүріп тауып, қолдың құртының қиқымына дейін сатып алып кетеді " деп жүр дейді.
"Жүз литр сүтті үлгерту күніге бір отбасына ауырлау екен, сен бір күнін істе, мен бір күнін істейін" деп тағы бір құрдасына қолқа салып жүрген көрінеді. Үш отбасын тұрақты қосымша табыспен қамтып берді былай қарасаң. Аққан тері адал, тапқан табысы берекелі. Көрмей-білмей осы азаматқа риза болдым. Ханға кеңес беретін қабырғалы жігіт екен кім де болса. "Қарын тоқ , қайғы жоқ " дегені қандай күшті ə! Құрт жайған торын күзетіііііп, ыңылдап əнін айтып жүр. Сенатта тіпті шаруасы да жоқ. Азамат екен шынында!!!
Танымал айтыскер ақын-журналист, Нұрмат МАНСҰРДЫҢ фейсбук парақшасынан алынды