Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: 3 адам көз жұмып, 4 адам ауруханаға түсті

15 Шілде, 2019 504 0

NewsROOM+. Алматы облысында жол апаты болып, үш бірдей адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жантүршігерлік жол апаты бүгін түскі уақытта болды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген суреттер мен видеолар Instagram желісінде жарияланды. 

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның көз жұмғанын хабарлады. 

«Жол-көлік оқиғасы Алматы – Көкпек – Көктал автожолынан 40 километр қашықтықта болды. Осы жерде Toyota Highlander мен 21014 лада соқтығысқан. Төрт адам әртүрлі жарақатпен Есік ауруханасына жеткізіліп, тағы үш адам көз жұмды», - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Зиян шеккендердің арасында екі бала бар. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 


Тегтер: Алматы, жолапаты, көлік, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.