Танымал актердің түр-келбетіне қарап, «Алтын адамды» қалпына келтірді
Танымал актердің түр-келбетіне қарап, «Алтын адамды» қалпына келтірді

Бауыржан БАЙТАНАЕВ, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры «Өте қуанышты жағдай. Тек облыстың емес, бүкіл Қазақстанға қазақ халқының көне тарихының бетін ашып бердік. Есік қаласынан табылған «Алтын адамнан» өз ерекшелігі бар. Бұл - Қазақстанның батысында табылған құнды дүние. Осыдан 2,5 мың жыл бұрын осы жерде көне тайпалар болған. Олар сақ тайпаларымен рулас болған».Қорғанға жерленген ер адам екен. Ғалымдардың болжамы бойынша, жасы 40-қа жетпеген. Өзі жауынгер, тайпа басшысы. Әрі ауқатты болған. Мұндай ұйғарымды мамандар сауыты мен қорамсағы, ат әбзелдеріне қарап жасаған. Жауынгердің кескін-келбетін антропологиялық тұрғыда қалпына келтіру мүмкін болмапты. Сондықтан, өзге қорымнан табылған адамды салыстырып, түр-әлпетін жасап шыққан. Көсемнің мүсінін алғаш көргендер қазақстандық актер Мұрат Бисембинге ұқсатып жатты. Қателеспепті.
Мейрам ДҮЙСЕНҒАЛИ, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры: Актердің образын алдық. Ол қарсы болған жоқ. Иран тілдес болған нәсілі. Сол сарматтардың түр-тұлғасына келеді. Томиристің әкесінің рөлін сомдаған Спарғаптың образы. Шартты түрде Тасқопа көсемі деп айтып тұрмыз. Көпшілік қалай қабылдайтынын білмейміз. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен тұрғындары арасында конкурс ұйымдастыруымыз да мүмкін. Атауына байланысты».Облыстық мұражайда тұрған «Алтын адамның» көшірмесі. Барлық бұйымдардың көшірмелері жоғары сынапты күмістен құйылып алтынмен жалатылып әзірленген. Сармат көсемінің шалбары, жидесі, аяқ-киімі, күртешесі және бас киімі қайта тігілген. Ал түпнұсқа қорда сақтаулы.