«Elorda Aqparat» ұжымына жаңа директор тағайындалды

15 Шілде, 2019 168 0

NewsROOM+. Осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған Жарқын Жұмаділов «Elorda Aqparat» ЖШС директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Nur Otan» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

Саяси ғылымдар магистрі, «Алаш айнасы», «Жас қазақ» республикалық газеттерінде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шеф-редакторы және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызмет атқарған. 

Тегтер: ЖарқынЖұмаділов, директор, «ElordaAqparat»

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.