Танымал қазақ ақыны Ердоғанға өлең арнады
Танымал қазақ ақыны Ердоғанға өлең арнады
Әлеуметтік желіде өзінің поэзиялық және түрлі шығармашылық қабілеттерімен танылған Балтабек Нұрғалиев есімді желі қолданушысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өлең арнады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Маңдайын сүйген бір Алла, Режеп Тайып Ердоған! Зейіні түскен Құранға, Режеп Тайып Ердоған! Айналған аты ұранға, Режеп Тайып Ердоған! Шапағат төккен Тұранға, Режеп Тайып Ердоған! – деп өлең арнаған ол бейне материал форматындағы туындысын фейсбук әлеуметтік желісіне жүктеген.
Желі қолданушылары қызу талқылаған аталмыш постқа түрлі пікірлер келіп түскен. Серікбай Нұр-ақын есімді қолданушы: «Енді Джо Байденге арнап бір өлең шығарып жіберсең...» - десе, Сабырхан Сейлбекулы атты қолданушы: «Құдай-ау не деген сөз! Ердоғандай ердің бағасын беру үшін тағы жазу керек» - деп жазған.
https://www.youtube.com/watch?v=XiFdPzjtnGs