Әйелдер шеруінде ЛГБТ өкілдері не істеп жүр?
Әйелдер шеруінде ЛГБТ өкілдері не істеп жүр?


Гүлзада СЕРЖАН «Феминита» Феминистік бастамасының белсендісі: «Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Нәзипа Құлжанова бүкіләлемдік әйелдер күнін атап өтуге ат салыссын, және де бұрын не істедік, қазір қандай жағдайдамыз және алда не істеуіміз керек деген нәрсені бізге өсиет тастап кеткен, соны орындауға жиналдық».Қазақ тілді феминист әйелдер өздерін бүгін пайда болдық деп есептемейді. Өздерінің шежіресін 20-шы ғасырдың басында қазақтан шыққан тұңғыш журналист, Нәзипа Құлжановадан таратады. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Құлжанова ханымның атақты цитатасы бар еді. Алматыда өткен марш әлбетте біраз жұрттың ашуын шақырғаны рас. Әйелдер құқығын қорғауды бүкіл қоғам қолдайды, бірақ ЛГБТ өкілдері неғып жүр? Жұрттың уәжі осы. Әсіресе ұлттық құндылықтарды дәріптеуші Ырза ханым ырза емес. Митингке рұқсат етілгені, полицияның шеруді сүйемелдеуі тіптен жанына батқан. Әсіресе мына бір ұран көптің шамына тиген. Секс жұмыс жасап жүрген әйелдердің адам құқығы, қадір қасиеті бар екенін баса айтамыз.
Ырза ТҰРСЫНЗАДА Қоғам қайраткері: «Қалай жезөкшемен қадір қасиеттің басын біріктіреді? Ананың қадірі бар, қыздың қадірі бар, қыздың қасиеті бар қазақта.Елдің қасиеті бар, тұғырлы тарихтың қасиеті бар. Қалай сонда сіз киелі сөзді тәнін сатып жүрген жезөкшемен байланыстырасыз?»
Жанар СЕРКЕБАЕВА «Феминита» феминистік бастамасының негізін қалаушы: «Мен - біз өмірі аллаға сендік, рухани құндылықтардан аттап, азғындыққа бару күнә деп айтатындарға таң қаламын. 70 жыл бойы дінсіз болғанымызды еске салғым келеді. Желіде жаза бермей келіп, жолығып дәлел дәйектермен пікір алмасуға шақырамын. Мен өзім зерттеушімін, қаралайтын адамдарды түсінемін. Бірақ бізді де жұрт естісе екен дейміз. Адам табиғи жаратылысынан кілтипан шыққаны үшін кінәлі бола алмайды. Түсіністік, диалог керек».Мамандар не дейді? Психологтардың айтуынша феминизмнің түпкі мақсаты әйелдің құқығы мен бостандығы. Бірақ ЛГБТ қауымдарын бұл топтан бөліп қараған абзал дейді. Және олар:
Венера ТЕЛЖАН ПСИХОЛОГ: «Еліміздің бір жарты процентін алып тұрған қауым емес. Бұдан ешқандайда қорқудың қажеті жоқ. Тек қана зерттеу керек. Оларды ешкім қысып та жатқан жоқ. Мемлекеттің тарапынан ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ».https://youtu.be/ZacdSsjUoN0