Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы азайған ба?
NewsRoom
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы азайған ба?
2021 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1 310,4 млн. АҚШ долларын құраған деп жазады stat.gov.kz сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі.
Бұл көрсеткіш 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,5% азайған. Соның ішінде экспорт – 426,5 млн. АҚШ доллары (6,5% азайды), импорт – 883,9 млн. АҚШ долларына (12,3% азайды) кеміген.
Сонымен қатар, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде РФ – 92,2%, Беларусияға – 4,4%, Қырғызстанға – 3,3%, Арменияға – 0,1% келеді.